«ҮЕҰ үшін практикалық маркетинг (әлеуметтік маркетинг)» вебинарының анонсы

  • 10 - Маусым, 2020 жыл.

Алматы Азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арналған «ҮЕҰ үшін практикалық маркетинг (әлеуметтік маркетинг)» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді.

Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде әрі Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен өтеді.

Вебинардың жаттықтырушысы :  бизнес-жаттықтырушы, коуч Жукупбаев Ғалым

Әлеуметтік маркетинг- жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, сондай-ақ жалпы қоғамның өмірін жақсартуды көздейтін нарықтық қызмет.

Әлеуметтік маркетинг (ӘМ) адам өмірін жеке-жеке, сондай-ақ бүкіл қоғамның өмірін жақсартуға бағытталған құрал деп аталады. ӘМ қоршаған ортаны қорғау, қайырымдылық қызмет, денсаулық сақтау және т.б. мәселелеріне де қатысты.

Вебинардың мақсаты: ҮЕҰ және әлеуметтік кәсіпорындар үшін әлеуметтік маркетинг жүргізу бойынша білім мен дағдыларды қалыптастыру

Вебинардың міндеттері:

  • Әлеуметтік маркетинг түсінігін қалыптастыру;
  • Әлеуметтік маркетинг түрлері мен кезеңдерін қарастыру;

Вебинарда келесі мәселелер қаралады:

  • Әлеуметтік маркетинг дегеніміз не?
  • Әлеуметтік маркетинг түрлері мен кезеңдері;
  • Әлеуметтік маркетинг ісін жүргізу ;
  • Әлеуметтік маркетинг нарығының сегменттері
  • Біздің клиенттеріміз кім?
  • Әлеуметтік маркетинг құралдары;
  • Әлеуметтік көрсеткіштер параметрлері;
  • Әлеуметтік маркетинг арналары;

Іс-шараға қатысуға коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) басшылары, маркетологтары, қызметкерлері, сондай-ақ басқа да  тұлғалар шақырылады.

Вебинарды өткізу тілі: орыс

Күні мен уақыты:17 маусым (сәрсенбі), сағат 10:00-ден 12: 00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 2 сағат.

Қатысу тегін, сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет. Тыңдаушылар саны шектеулі.

Өтінімдерді 16 маусым сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан Қ.уақыты бойынша) жіберулеріңізді сұраймыз.

Вебинар ZOOM платформасында ұйымдастырылады. Іс-шараға қатысу үшін сілтеме тіркелгеннен кейін  электрондық мекенжайға жіберіледі.

Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының Азаматтық орталығының @civilcenteralmaty.kz электронды мекен-жайына жазу немесе 8 (727) 3 410 411 телефонына қоңырау шалу арқылы  біле аласыз, 8 747 627 59 10 (WhatsApp)

 

*Әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз:

Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін