ХАБАРЛАНДЫРУ «Халықаралық гранттық конкурстарға ҮЕҰ қатысуының жеке тәжірибелері туралы»
ХАБАРЛАНДЫРУ
Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпараттық-Ресурстық Орталық» ҚҚ) Орталық Азияның Еуразия (ОАЕҚ) Қорымен бірлесе отырып, ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арналған «Халықаралық гранттық конкурстарға ҮЕҰ қатысуының жеке тәжірибелері туралы» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинарлар сериясын өткізеді.
Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде өтеді.
Вебинардың жетекші спикері: Ринад Темірбеков - "Орталық Азияның Еуразия Қоры" КҚ директоры, PMI стандарттары бойынша жобаларды басқару бойынша сертификатталған маман. KIMEP МВА дәрежесі бар. Ол тек біздің елде ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия аймағында да әлеуметтік жобаларды жасау және басқару бойынша жиырма жылдық тәжірибеге ие, сонымен қатар Қазақстандағы ең тұрақты корпоративтік қорлардың бірін басқарудағы 14 жылдық тәжірибесі бар.
Вебинарларда ҮЕҰ-ның халықаралық гранттық бағдарламалар мен конкурстарға қатысу мәселелері қаралады, сонымен қатар, өтініш берушіні ұйымдастыруға негізгі донорлық талаптарды ескере отырып, жоғары сапалы жобалық ұсыныс жазу бойынша практикалық кеңестер береді.
Вебинарлар кімге пайдалы болады?
- Фандрайзинг бойынша мамандар;
- ҮЕҰ басшылары мен қызметкерлері;
- Жоба менеджерлері;
- Азаматтық белсенділер.
Вебинарлардан не үйренесіз?
1-ші вебинар - «Халықаралық донорлар сайысына қатысу процесі»
- Фандрайзинг стратегиясы деген не және ҮЕҰ үшін осындай жоспарды қалай жасау керек?
- Барлық өзекті халықаралық гранттық конкурстар туралы ақпарат көздері?
- Қазақстанда қандай халықаралық донорлар гранттарды негізінен ұсынады?
- Ұтысты жобалық өтінімді әзірлеу жөніндегі командаға кім кіру керек?
- Гранттық байқауларға қатысу кезіндегі қателіктер;
- Донордың өтініш беруші ұйымға қойылатын типтік талаптары;
- Тиімді фандрейзер болу туралы бірнеше практикалық кеңестер.
2-ші вебинар - «Халықаралық донор үшін ұтысты өтінімді әзірлеу»
- Талап етуші донордың назарын аударатын сапалы өтінімді қалай жазуға болады ? Күшті өтінім дегеніміз не?
- Өзгеріс Теориясы, логикалық модель дегеніміз не?
- Outcome, Outpute деген не және жоба көрсеткіштерін қалай құрастыруға болады?
- Бір гранттық байқауды тәжірибелік талдау;
- Тиімді фандрайзер болу үшін кейбір практикалық кеңестер;
- Осы тақырып бойынша тағы басқалар.
Вебинардың қорытындысы бойынша қатысушылар халықаралық гранттық конкурстарға қатысу шарттары туралы түсінікке ие болады және конкурстық өтінімді дайындау дағдыларына ие болады.
Іс-шараға қатысу үшін коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) басшылары мен өкілдері, азаматтық бастамашылық топтар, белсенділер, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Вебинарды өткізу тілі: орыс тілінде
Күні мен уақыты:
- 13 мамыр (сәрсенбі) сағат 15:00 – ден 16:30-ға дейін – 1 -ші вебинар «Халықаралық донорлар сайысына қатысу процесі» алғашқы вебинар (сілтеме бойынша тіркеу)
- 15 мамыр (жұма) сағат 15:00 – ден 16:30 – ға дейін - 2-ші вебинар - «Халықаралық донор үшін жеңімпаздық өтінімді әзірлеу» (сілтеме бойынша тіркелу)
Қатысу тегін, жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет (әрбір вебинарға бөлек). Тыңдаушылар саны шектеулі.
Өтінімдерді әр вебинарға бір күн бұрын сағат 18: 00-ге дейін (Нұрсұлтан уақыты бойынша) жіберулеріңізді сұраймыз. Вебинар ZOOM платформасында ұйымдастырылады. Іс-шараға қатынасу сілтемесі қатысушыларға тіркеуге көрсетілген электрондық мекенжайға бағытталатын болады.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы Азаматтық Орталығына info@civilcenteralmaty.kz немесе 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (WhatsApp) телефондары арқылы қоңырау шалып хабарласыңыздар.
* Біздің әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға жазылыңыздар:
Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty