2020 жылғы еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер
Алматы азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арналған «2020 жылғы еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер» тақырыбында оқу-әдістемелік вебинар өткізеді»
Іс-шара Алматы қ. Қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберіндегі қаржылық қолдауының және Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жәрдемдесуінің арқасында өтеді.
Вебинардың жаттықтырушысы ретінде бизнес тренер, ҚР еңбек заңнамасы бойынша жетекші маман, HR менеджмент және кадрлық іс жүргізу, кеңесші Садықова Мадина Эдуартқызы сөз сөйлейді.
Вебинарда жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы еңбек қатынастарын реттейтін ҚР еңбек заңнамасындағы өзгерістерге қатысты өзекті мәселелер қарастырылатын болады.
Вебинардың мақсаты: вебинар тыңдаушыларына ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қатынастарының жаңа талаптары мен шарттарын түсіндіру, сондай-ақ ҚР ЕК енгізілген өзгерістерді ескере отырып, жұмыс берушінің жауапкершілік дәрежесі туралы түсініктеме беру.
Вебинар бағдарламасында:
1. 2020 жылғы 4 мамырдағы Еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер;
2. Электронды еңбек;
3. Электронды еңбек кітапшалары;
4. Жұмыс берушінің актілеріндегі қолтаңбаны цифрландыру;
5. Еңбекті қорғау: Еңбекті қорғау қауіпсіздігі жүйесі;
Сондай-ақ Қатысушылар сарапшыдан кеңес алып, ҚР еңбек заңнамасындағы осы және басқа да өзгерістерге қатысты қызықтыратын сұрағына "сұрақ-жауап"ашық режімінде жауап беріледі.
Іс-шараға қатысу үшін кадрлар бөлімінің басшылары мен қызметкерлері, коммерциялық емес ұйымдардың (КЕҰ) мамандары, сондай-ақ басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Вебинарды өткізу тілі: орыс
Күні мен уақыты: 3 маусым (сәрсенбі),15:00-ден бастап 17:30-ға дейін. Жалпы ұзақтығы: 2,5 сағат
Қатысу тегін. Тек ол үшін сілтеме бойынша алдын ала тіркелу қажет. Тыңдаушылар саны шектеулі.
Өтінімдерді 2 маусым сағат 18.00-ге дейін (Нұр-сұлтан қ.уақыты бойынша) жіберулеріңізді сұраймыз.
Вебинар ZOOM платформасында ұйымдастырылады. Іс-шараға кіру сілтемесі қатысушыларға тіркеуде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберілетін болады.
Барлық сұрақтар бойынша Алматы қаласының азаматтық орталығының info@civilcenteralmaty.kz электронды мекен-жайына жазу арқылы немесе келесі байланыс телефондарына қоңырау шалу арқылы біле аласыз: 8 (727) 3 410 411, 8 747 627 59 10 (WhatsApp).
*Әлеуметтік желідегі парақшамызға тіркеліңіз:
Instagram: Civilcenteralmaty; Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty