Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар
- Жалпы ережелер
Үкіметтік емес ұйымдар туралы дерекқорына (бұдан әрі – Дерекқор) мәліметтерді ұсыну тәртібін жеңілдету мақсатында Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 12 шілдедегі бұйрығымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген үіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілді.
1. Осы Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну (бұдан әрі – Мәліметтер) және олар туралы дерекқорды қалыптастыру тәртібі туралы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорын қалыптастырудың бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету мақсатында жасалды және үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидалары туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) қосымша болып табылатын Нысанды толтыруға бірыңғай талаптарды белгілейді. Нысан толтыру үшін міндетті болып табылатын 6 кестеден тұрады.
Дерекқор жекеше мекеме нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қоғамдық, корпоративтік және жеке меншік қор, заңды тұлғалар бірлестігі нысанындағы қауымдастық (одақ), сондай-ақ Қазақстан Республикасында қызмет атқаратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (оқшау бөлімшелері) туралы ақпаратты қамтиды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талаптар құрылтайшысы немесе акционері мемлекет болып табылатын коммерциялық емес акционерлік қоғамдарға, еншілес, тәуелді және Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғаларға, саяси партиялар, діни бірлестіктер және кәсіптік одақтар түрінде құрылған қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ осы Заңның 17-бабында көзделген коммерциялық емес ұйымдарға қолданылмайды.
2. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін келесі түсініктер қолданылады:
1) Деректер қоры - үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылатын және олар туралы қоғамды хабардар ету, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде қолдану, гранттар беру және сыйақылар тағайындау туралы ақпараттық мәліметтер қоры;
2) Үкіметтік емес ұйымдар – Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес олардың жалпы мақсаттарына бірлесіп қолжету мақсатында еркін түрде азаматтар және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар құрған (саяси партиялар, кәсіподақтар және діни бірлестіктерден басқа) коммерциялық емес ұйымдар. Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты үшін үкіметтік емес ұйым деп Қазақстан Республикасы аумағында өзінің қызметін іске асыратын шет елдік немесе халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары (оқшау бөлімшелер) түсіндіріледі;
3) Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігі;
4) Есепті кезең – Дерекқорына мәліметтер ұсынатын жылға тиісті күнтізбелік жыл;
5) Мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы уәкілетті органға Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың өзі тікелей, сондай-ақ жергілікті атқару органдары ұсынатын ақпарат;
6) Сенімді ақпарат – есепті кезеңде жинақталған мәліметтерді көрсететін, уәкілетті органға немесе үкіметтік емес ұйымдары дерекқорының веб-порталында жарияланған уақытына сәйкес келетін мәліметтер. Грамматикалық қателер үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтерді қате деп есептеуге негіз бола алмайды;
7) Уақытында ұсынылған мәліметтер – үкіметтік емес ұйымдардың есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға дейін ұсынылған мәліметтер. Ал Ереженің 7 тарауында көрсетілген мәліметтер үшін - мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізілген күннен бастап 20 жұмыс күні ішіндегі мәліметтер жатады;
8) Мәліметтер толықтығы – осы Ережеге қатысты 1 қосымшада (кесте формасында) қарастырылған кестелердің толтырылуы;
9) Жоба - үкіметтік емес ұйымдар және донорлық ұйымдар, тапсырыс беруші немесе грант беруші арасында шартқа сәйкес жүзеге асырылатын ісшаралар мен қызмет жиынтығы;
10) Бағдарлама – өзара қатысты жобалар кешені;
11) Мүлік – ақша, оның ішінде шетел валютасы, құнды қағаздар, сондай-ақ жылжымайтын және жылжымалы мүлік түріндегі натуралдық қалыптағы мүліктер.
2. Деректер қорына мәліметтерді енгізу тәртібі және әдістері
3. Үкіметтік емес ұйымдар Нысандарды қазақ және орыс тілдерінде толтыру жолымен Ережеге қосымша болып табылатын мәліметтерді ұсынады.
4. Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді пошта немесе қағаз түрінде немесе электрондық тасымал (CD дискісінде немесе Word форматында USB-флеш-жинақтаушысында), сондай-ақ электрондық түрде веб-порталға жіберуі тиіс.
Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді пошта арқылы немесе қолма-қол ұсыну кезінде ілеспе хатпен төмендегі мекенжайға жолдайды: Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс, индексі 010000, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.
Үкіметтік емес ұйымдар туралы электрондық түрде мәліметтерді ұсыну үшін infonpo.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-порталда авторизациялау/тіркеу үшін заңды тұлғаға электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭСҚ немесе сертификат) алу талап етіледі. ЭСҚ алу үшін жақын жердегі Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) бөлімшесіне өтінім беруге болады. Мәліметтер заңды тұлғаға немесе оны алмастыратын адамға берілген электрондық-цифрлық қолтаңбамен куәландырылады.
5. Үкіметтік емес ұйымдар мәліметтерді жыл сайын есеп беру кезеңінен кейінгі жылғы 31 наурызға дейін ұсынады.
Уәкілетті органға мәліметтерді ұсыну күні, оларды ұсыну тәсіліне қарай:
1) қолма-қол беру - қағаз және электрондық түрде орган ұсынылған мәліметтерді уәкілетті органның қабылдау күні;
2) пошта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен - пошта операторының қағаз және электрондық түрде ұсынылған мәліметтерді қабылдауы туралы белгі қойылған күн;
3) веб-портал арқылы электрондық түрде - орталық тораптың немесе сервердің нысандарды қабылдау және өңдеу жүйесін қабылдаған күн болып табылады.
31 наурыз (қоса алғанда) жиырма төрт сағатқа дейін үкіметтік емес ұйымдар пошта операторына тапсырған қағаз тасығыштағы мәліметтер пошта операторының қабылдау уақыты мен күнінің тиісті белгісі болған жағдайда мерзімінде ұсынылған болып саналады.
31 наурыз (қоса алғанда) жиырма төрт сағатқа дейін телекоммуникация желісі арқылы уәкілетті органға ұсынылған электрондық нысандағы мәліметтер мерзімінде ұсынылған болып саналады.
6. Үкіметтік емес ұйымдар есепті кезеңдегі ақпаратты және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалар бойынша ақпаратты көрсете отырып, өз қызметі жөніндегі мәліметті ұсынады.
7. Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген және Қазақстан Республикасы аумағында өз құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар үкіметтік емес ұйымдар осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен филиалдары немесе өкілдіктері туралы мәліметтерді ұсынады.
8. Қағидаларға 1-қосымшадағы 1-кестесіннің І, ІІ және VII бөлімімен көзделген үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер өзгерген жағдайда үкіметтік емес ұйым өзгертілген мәліметтерді негіздемесімен уәкілетті органға қазақ және орыс тілдерінде пошта арқылы немесе қолма-қол не электрондық түрде веб-портал арқылы өзгерген күнінен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынады.
3. Нысанды толтыруға қойылатын жалпы талаптар
10. Нысанды үкіметтік емес ұйымның басшысы (ол болмаған кезеңде –) толтырады.
11. Нысанға деректердің дәйектілігі және оның уақтылы ұсынылуы үшін жауапты бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оны алмастыратын адам) қол қояды, ұйымның мөрімен немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен бекітіледі.
11. Нысанның (кестелердің) барлық тармақтарын толтыру міндетті болып табылады. Ақпарат болмаған жағдайда, сызықша қою қажет.
12. Нысанның барлық тармақтары түсінікті жазумен немесе баспа әріптермен жекелеген сөздерді қысқартусыз толтырылады, қаріп өлшемі 12-ден кем болмауы керек. Тармақтарды компьютердің көмегімен толтыруға (кейіннен принтерде басып шығарумен) жол беріледі.
4. Нысанның жекелеген бөлімдерін/кіші бөлімдерін толтыруға
қойылатын талаптар
13. «Үкіметтік емес ұйымдардың қызметтері туралы мәліметтер» нысанының 1-кестесіндегі «Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы деректер» бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 1-тармақта ұйымның бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
2) 2-тармақта «Мәлімет ұсынатын есепті кезең және жыл» мәліметті ұсыну жылы көрсетіледі;
3) 3-тармақта «Үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыру-құқықтық нысаны» көрсетіледі;
4) 4-тармақта құрылтайшылар құжаттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдардың толық атауы көрсетіледі;
5) 5-тармақта «Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты» көрсетіледі;
6) 6-тармақта «ҮЕҰ орналасқан өңірі (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)» көрсетіледі;
7) 7-тармақта «ҮЕҰ заңды мекенжайы (елді мекен, мекенжай)» көрсетіледі;
8) 8-тармақта «Мемлекеттік тіркеу (қайтадан тіркеу) нөмірі мен күні» көрсетіледі.
14. «Үкіметтік емес ұйымның байланыс деректері» II бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 9-тармақта «Электрондық пошта» көрсетіледі;
2) 10-тармақта «Телефон нөмірі» көрсетіледі;
3) 11-тармақта «Сайт мекенжайы» көрсетіледі.
15. «Қызметкерлер мен еріктілер туралы мәліметтер» III бөлімінде мынадай мәліметтер көрсетіледі:
1) 12-тармақта «Штаттық қызметкерлердің саны» көрсетіледі;
2) 13-тармақта «Қазақстан Республикасы азаматтар қызметкерлерінің саны» көрсетіледі;
3) 14-тармақта «Шетелдік қызметкерлер саны» көрсетіледі;
4) 15-тармақта «Тартылған мамандар саны»;
5) 16-тармақта «Еріктілер саны».
16. «Қызметтің бағыты» IV бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 17-тармақта «Үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты (Х керек ұяшықты көрсетіңіз)» көрсетілген тізімнің ішінде үкіметтік емес ұйымның қызмет бағыты көрсетіледі;
2) 18-тармақта «ҮЕҰ қызметінің мәні мен мақсаттары (жарғыға сәйкес)» көрсетіледі;
3) 19-тармақта «Мақсатты аудитория/атаулы топ» көрсетіледі.
17. «ҮЕҰ есепті кезеңдегі кірістер туралы (сомасы, теңге)» V бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 20-тармақта «Депозиттер бойынша сыйақы» көрсетіледі;
2) 21-тармақта «Гранттар» көрсетіледі;
3) 22-тармақта «Кіру жарналары» көрсетіледі;
4) 23-тармақта «Мүшелік жарналар» көрсетіледі;
5) 24-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;
6) 25-тармақта «Демеушілік көмек» көрсетіледі;
7) 26-тармақта «Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер» көрсетіледі;
8) 27-тармақта «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыруда шарт бойынша алынған кіріс» көрсетіледі;
9) 28-тармақта «Барлық кірістер» кірістердің барлық сомасы көрсетіледі.
18. «Есепті кезеңде ҮЕҰ-дың шығыстары (сомасы, теңге)» VI бөлімі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 29-тармақта «Коммерциялық емес ұйымдарды ұстау» көрсетіледі;
2) 30-тармақта «Іс шараларды ұйымдастыру мен өткізу» көрсетіледі;
3) 31-тармақта «Ақпараттық материалдарды дайындау және орналастыру» көрсетіледі;
4) 32-тармақта «Сыйақы» көрсетіледі;
5) 33-тармақта «Қайырымдылық көмек» көрсетіледі;
6) 34-тармақта «Демеушілік көмек» көрсетіледі;
7) 35-тармақта «Кіру жарналар» көрсетіледі;
8) 36-тармақта «Мүшелік жарналар» көрсетіледі;
9) 37-тармақта «Өтеусіз негізінде алынған ақша және мүліктер» көрсетіледі;
10) 38-тармақта «Барлық шығыстар» барлық шығыстар сомасы көрсетіледі.
19. «Бюджет» VII бөлімін филиалдар немесе халықаралық және шетелдік ұйымдардың өкілдіктері мынадай түрде көрсетіледі (сомасы теңгемен көрсетіледі):
1) 39-тармақта «Қазақстан Республикасында жобаларды/бағдарламаларды қаржыландыру бюджеті» (егер жобаны және/немесе бағдарлама филиал немесе өкілдік Қазақстан Республикасының аумағында қаржыландырса) көрсетіледі;
20. «Үкіметтік емес ұйымдардың филиалы(-дары) және өкілдігі (-тері)» нысанның 2-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;
3) 3-бағанда «БСН» көрсетіледі;
4) 4-бағанда «Орналасқан жері» көрсетіледі;
5) 5-бағанда«Басшының АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;
6) 6-бағанда«Тіркелген күні» көрсетіледі;
7) 7-бағанда «Телефон нөмірі» көрсетіледі;
8) 8-бағанда «Электрондық поштасы» көрсетіледі;
9) 9-бағанда «Сайт мекенжайы» көрсетіледі.
21. «Үкіметтік емес ұйымдардың, филиалдардың және шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдар өкілеттіктерінің (оқшауланған бөлімшелерінің) есепті кезеңде іске асырған және ағымдағы жылы іске асыратын жобалары» нысанның 3-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;
3) 3-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;
4) 4-бағанда «Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;
5) 5-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;
6) 6-бағанда «Жобаның бағыты (1 кестенің 17 тармағын таңдаңыз)» көрсетіледі;
7) 7-бағанда «Жоба/бағдарлама мақсаты» көрсетіледі;
8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;
9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыру жобасы (теңге)» көрсетіледі;
10) 10-бағанда «Есепті кезеңде алынған жобаға қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;
11) 11, 12-бағандарда «Жобаны іске асыру кезеңі» жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;
13) 13-бағанда «Жобаны/бағдарламаны қоса орындаушының (серіктестік және тартылған мамандар) атауы» көрсетіледі;
14) 14-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.
22. «Филиалдардың және (немесе) өкілдіктердің (оқшауланған бөлімшелерінің есепті мерзімде іске асырылған және ағымдағы жылы іске асырылатын жобалары» нысанның 4-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Филиалдар және (немесе) (өкілдіктер) атауы» көрсетіледі;
3) 3-бағанда «Жобаның/бағдарламаның атауы» көрсетіледі;
4) 4-бағанда «Донор ұйымының тапсырыс берушінің жобаның/ бағдарламаның БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі;
5) 5-бағанда«Донор ұйымының, тапсырыс берушінің атауы» көрсетіледі;
6) 6-бағанда «Қаржыландыру көзі (мемлекеттік, шетелдік, коммерциялық, коммерциялық емес шетелдік, коммерциялық қазақстандық, коммерциялық емес қазақстандық, өзін-өзі қаржыландыру)» көрсетіледі;
7) 7-бағанда «Жобаның бағыты (1-кестедегі 17 тармақта қызметтер бағыты бөлімін таңдаңыз)» көрсетіледі;
8) 8-бағанда «Жобаны іске асырған өңір (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана)» көрсетіледі;
9) 9-бағанда «Жалпы қаржыландыруы жобасы (теңге)» көрсетіледі;
10) 10-бағанда «Есепті кезеңде жобаға алынған қаржыландыру (теңге)» көрсетіледі;
11) 11, 12-бағандарда «Жобаны іске асыру кезеңі» жобаны іске асыруды бастау мен аяқтау күні (нысан бойынша күндері, айлары, жылдары) көрсетіледі;
12) 12-бағанда «Жобаны орындау туралы қысқаша ақпарат» көрсетіледі.
23. Үкіметтік емес ұйымдарды құрған «Құрылтайшылар (қатысушылар) туралы мәліметтер» нысанның 5-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Ұйым атауы немесе АТӘ (болған жағдайда)» көрсетіледі;
3) 3-бағанда «Жеке және заңды тұлғаны, көрсетіңіз:» көрсетіледі;
4) 4-бағанда «ЖСН/БСН салық тіркеу нөмірінің аналогы (шетелдік заңды тұлға үшін)» көрсетіледі.
24. «Ынтымақтастық/серіктестік туралы құжаттар жасасқан ұйымдар/органдар, мемлекет» нысанның 6-кестесі мынадай мәліметтермен көрсетіледі:
1) 1-бағанда реттік сан көрсетіледі;
2) 2-бағанда «Атауы» көрсетіледі;
3) 3-бағанда «Түрі (мемлекеттік орган, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық ұйым)» көрсетіледі;
4) 4-бағанда «БСН (немесе орган, шетелдік ұйымдар үшін ұқсастық)» көрсетіледі.