Тренинг «Tріктілік және жастарды гуманитарлық қызметке тарту»
2020 жылдың 13 наурызында Алматы қаласының азаматтық орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қаржылай және Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының қолдауымен «Civil Center Almaty» жобасы аясында жастардың құзыреттілігін арттыру және тұлғалық дамуы мақсатында «еріктілік және жастарды гуманитарлық қызметке тарту» тақырыбында оқу-әдістемелік тренинг ұйымдастырды. ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының әлеуметтік көмек департаментінің директоры, волонтерлермен жұмыс істеу бойынша жаттықтырушы Бакиева Дана Валитханқызы тақырыпты түбегейлі түсіндірді.
Тренингке қатысушылар Алматы қаласының 18 бен 21 аралығындағы колледж және университет студенттері.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда ресми түрде еріктілер жылы болып жарияланғандығы белгілі. Қатысушылар үшін еріктілер тақырыбы қызықты болғандығын айтты. Тренинг барысында жас қатысушылар «мейірімді істер», сондай-ақ шұғыл жағдайлар туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті. Көптеген адамдар ерікті болу өте қиын екенін мойындады, себебі кез келген жағдайларға да, тіпті ең төтенше жағдайларға да дайын болу қажет.
Жаттықтырушы Бакиева Данара ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының қызметі туралы нақты мысалдар келтіре отырып, волонтерлік қызметтің мақсаттары мен міндеттері туралы айтты. Сонымен қатар, ол қатысушыларға қоғамдық жерде адам өзін нашар сезінгенде,есінен айырылып немесе тұншығып қалған жағдайларда қалай дұрыс жауап беру керектігін түсіндірді. «Бірінші кезекте дүрбелең тудырмау» жайлы тренер кеңес бере отыра, одан кейін қатысушылар арасында адам өмірін құтқару үшін қажетті әрекеттерді көрсетті.
Жас қатысушылар үшін қызықты хабарландыру ҚР Қызыл Жарты ай қоғамында қызығушылық танытқан еріктілерді волонтерліктің негізгі дағдыларына үйретіп қана қоймай, сонымен қатар волонтерлер, жұмысқа тартылатын шет тілдерін үйрететін мамандар, компьютерлік сауаттылықты, психологияны және т.б. оқыту бойынша оқу тренингтері мен семинарларға қатысуға болады.
Жалпы, тренингтің барлық қатысушылары «волонтерлық» түсінігіне қарамастан, тренинг қорытындысы бойынша әр адам өзіне жаңа нәрселерді біле алды. Атап айтқанда, еріктілік – бұл «адамгершіліктің» ішкі векторы және мұқтаж адамға жедел көмек көрсету керек, өйткені кейде шұғылдық дәрежесі бірнеше минутпен шектеледі және біздің іс-әрекеттерімізге жағдайдың нәтижесі байланысты болуы мүмкін. «Ең бастысы - әрдайым және кез келген жағдайда адам болу» - деп қорытындылады Бакиева Дана.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға пайдалы тренинг үшін алғыстарын айтып, алдағы оқу іс-шараларында азаматтық орталықта қайта жиналуға тілек білдірді.