Волонтерлік және жастарды гуманитарлық қызметке тарту
Баспасөз-релизі
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының және Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай Қоғамының қаржылай қолдауымен Алматы қаласының азаматтық орталығы "Civil Center Almaty" жобасы аясында жастардың тұлғалық дамуы мен құзыреттілігін арттыру мақсатында "Civil Center Almaty" тақырыбында оқу-әдістемелік тренинг өткізеді.:
"Еріктілік және жастарды гуманитарлық қызметке тарту»
Жаттықтырушы: Қызыл Жарты Ай Қоғамы әлеуметтік көмек департаментінің директоры РК, волонтерлермен жұмыс жөніндегі жаттықтырушы Бакиева Дана Уалитханқызы
Мақсатты аудитория: 18-29-дағы жастар
Жалпы ұзақтылығы: 3 сағат
Өзектілігі: Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша
2020 жыл Қазақстанда ресми түрде еріктілер жылы болып жарияланды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы бойынша еріктілік жөніндегі әлеуметтік жобалардың негізіне алынған негізгі бағыттар айқындалды. Алайда, "волонтерлік"сөзінің мәні қандай екенін түсіну қажет. Жастардың түсінігі қандай? Кейбіреулер үшін бұл жаңа өмірлік дағдылар мен тұлғалық өсуді білдіреді, басқалары үшін бұл қарым-қатынас пен мұқтаждарға көмек. Қалай болғанда да, көп жағдайда еріктілердің жұмысы әрқашан үлкен әлеуметтік жауапкершілікпен байланысты. Ол туралы еріктілердің жұмыс аспектілерімен танысуды бастайтын әрбір адам есте сақтау қажет..
Тренингтің мақсаты: Волонтерлік қызметтің негіздері мен принциптерін түсіндіру, сондай-ақ жастар арасында қайырымдылық дәстүрлерін дамыту. Волонтер болу туралы ізгілік, қайырымдылық, медициналық-әлеуметтік және өзге де көмекті мұқтаж және халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына насихаттау.
Тренингте қатысушылар біле алады:
- Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамының еріктілер қатарына қалай кіруге болады ?
- Халықты төтенше жағдайларға дайындау, төтенше жағдайларда өзін-өзі ұстау дағдыларына үйрету;
- Төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендерге жедел көмек көрсетуді ұйымдастыру және көрсету;
Алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды ілгерілету, сондай-ақ ерікті өтеусіз қан донорлығын ілгерілету.
Іс-шараның күні: 13 наурыз 2020 ж.
Өткізу уақыты: 14.30 – 17.30 с. (қатысушыларды тіркеу с.14.00 бастап.)
Өткізу орны: Алматы қ., Жамбыл көш., 114/85, Алматы азаматтық орталығының конференц-залы, 1 қабат.
Іс-шара бағдарламасында кофе-брейкке үзіліс қарастырылған.
Семинарға қатысу үшін келесі ақпаратты жіберіп тіркелу қажет: info@civilcenteralmaty.kz электронды мекен-жайымызға қатысушының аты - жөні , жасы, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефонын жіберу арқылы немесе 8 (727)3 410 411 телефонына қоңырау шалу арқылы
Өтінімдерді 13 наурыз сағат 12.00- ге дейін (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша) жіберулеріңізді сұраймыз.
* Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылыңыз:
Instagram: Civilcenteralmaty;
Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty