Семинар «Азаматтық бюджет»
14 желтоқсан 2018 ж. Алматы қаласының азаматтық орталығы «Civil Center Almaty» жобасы аясында Алматы қаласындағы ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арнап келесідей тақырыптар бойынша оқу-әдестемелік семинар өткізді:
Тренер: Айтенова Шолпан, «Zertteu Research Institute» коммерциялық емес ұйымның атқарушы директоры, ӨСАБ-ның мүдделі тараптар ұлттық кеңесінің, Еуразиялық ұлттық бағалау ассоциациясының мүшесі, Қазақстанның Ұлттық Бюджет желісінің бірлескен құрылтайшысы
Семинар «Азаматтық бюджет»
Тақырыптың өзектілігі:
«Азаматтық бюджет - бұқаралық ақпарат құралдарында жалпыға қол жетімді нысанда жарияланған республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қаржы министрлігі бюджетті жоспарлау мен бюджетті орындау кезеңінде Азаматтардың бюджетін дайындау және ұсыну Ережесін бекітті. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес, азаматтардың бюджеті 2018 жылдың қаңтар айынан бастап жариялауға міндетті». Орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында «Азаматтардың бюджеті» жеке кестесі құрылды.
Азаматтардың бюджеті азаматтарды мемлекеттік бюджеттің негізгі бағыттарымен таныстыру үшін бейімделген форматтар мен қолжетімді тілдерді қолдана отырып, бюджеттің негізгі ақпаратының ашықтығын және қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді, бұл кез келген пайдаланушыға үкіметтің мемлекеттік ресурстарды қалай жинақтап, бөлетінін және пайдаланатынын анықтайды.
Семинардың мақсаты мен міндеттері:
Халықтың бюджет туралы хабардар болуын арттыру үшін Азаматтардың бюджетінің мәні мен маңыздылығын түсіндіру;
Атқарушы органдардың веб-сайттарында азаматтық бюджетті іздестіру тәсілдері туралы ақпараттандыру;
Азаматтардың бюджеттерін бағалауды ұйымдастыруда өкілдіктер мен жеке практикалық дағдыларды қалыптастыру.