Жоба нәтижелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары назарында

  • 29 - Маусым, 2026 жыл.

Жоба нәтижелері Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары назарында

2026 жылғы сәуір айында Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларына мониторинг жүргізуге бағытталған «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі құрамдас бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингі» жобасын іске асыру аясында «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палата алаңында Парламент Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында жоба сарапшылары мемлекеттік бағдарламалар мониторингінің нәтижелерін, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесін таныстырды. Әдістеме мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру тиімділігін арттыруға, қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіруге және азаматтардың мемлекеттік саясаттың нәтижелілігін бағалауға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Ұсынылған материалдарды қарау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жанындағы Қоғамдық палатаның төрағасы Айдос Сарымның қолымен ресми хат алынды.

Хатта:

  • мониторинг нәтижелерінің қоғамдық бақылау тетіктерін жетілдіру үшін практикалық маңызы бар екені;
  • ұсынымдардың зерделеніп, «Қазақстан Халық Кеңесі» консультативтік органының қызмет регламентін әзірлеу барысында пайдаланылатыны;
  • ұсынылған құралдың мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту, қоғамдық пікірді ескеру және басқарушылық шешімдердің сапасын арттыру міндеттеріне сәйкес келетіні;
  • қоғамдық күн тәртібін қалыптастыру және Қазақстан азаматтарының мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған бастамаларды іске асыру бойынша одан әрі ынтымақтастыққа дайындық білдірілгені атап өтілді.

Жоба командасы үшін бұл маңызды нәтиже. Себебі әзірленген мемлекеттік даму бағдарламаларына қоғамдық мониторинг жүргізу әдістемесі сарапшылық бағалауға ие болып қана қоймай, «Қазақстан Халық Кеңесінің» қызметіндегі тетіктер мен құралдарды қалыптастыру барысында практикалық қолдану мүмкіндігіне ие болды.

Біз тиімді қоғамдық мониторинг мемлекет пен қоғам арасындағы тұрақты кері байланысты қамтамасыз ететін құралға айналуы тиіс деп есептейміз. Ол объективті деректерге, сараптамалық талдауға және азаматтардың пікіріне негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Бұл материал Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Материалдың мазмұны авторлардың жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың ұстанымын міндетті түрде білдірмейді.

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram