Мониторингтен өзгерістерге дейін: қор бүгін не істеп жатыр?

  • 27 - Наурыз, 2026 жыл.

Мониторингтен өзгерістерге дейін: қор бүгін не істеп жатыр?

Биыл Ақпараттық-ресурстық орталық Еуропалық Одақ қаржыландыратын жоба аясындағы жұмысты қоғамдық мониторинг нәтижелерінің тек есептерде қалып қоймауына бағыттап отыр.Қор серіктестерімен бірге Қазақстанның төрт облысында 13 мемлекеттік бағдарламаның мониторингі нәтижесінде әзірленген 98 ұсыныммен жұмыс істеуде.Бүгінгі басты мәселе — мониторинг барысында серіктестер анықтаған проблемалардың қандай болғаны ғана емес. Енді маңыздысы: одан кейін не өзгерді және қандай ұсынымдар жүзеге асырылды?

Ұсынымдармен қазір не болып жатыр?

Команда серіктес ұйымдардағы әріптестерімен бірге әрбір ұсынымды талдап, оның әрі қарай жүзеге асырылуына назар аударады.Кейбір ұсыныстар, мысалы, қазірдің өзінде ескерілді. Кейбірі ішінара жүзеге асырылды. Ал кейбір ұсынымдар әзірге мүлде іске асқан жоқ.Мұндай жағдайда мәселенің себебін түсіну маңызды: оны шешу үшін не жетіспейді, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға кімдер қосылуы керек және қандай қосымша қадамдар қажет?

Бүгінгі адвокациялық жұмыс дәл осы бағытта жүргізілуде.

Неліктен біз жүйелі мәселелерге назар аударамыз?

 

Мәселені анықтау — алғашқы қадам ғана.

Оны шешу үшін көбіне бірнеше ұйым мен мемлекеттік құрылымның бірлескен жұмысы қажет. Сондықтан қор серіктестерді, сарапшыларды және мүдделі мемлекеттік ұйымдардың өкілдерін біріктіріп, мониторинг нәтижелерін бірге талқылайды және келесі қадамдарды анықтайды.

Әсіресе кең ауқымды өзгерістерге ықпал ете алатын ұсынымдарға назар аударылады. Мысалы, азаматтардың ақпаратқа қолжетімділігін жақсарту, мемлекеттік бағдарламаларды түсінікті әрі ашық ету, халықпен кері байланысты күшейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту.

Қандай өзгерістер болды?

Мониторинг нәтижелері кейбір жағдайларда нақты жұмыстардың басталуына негіз болды.

Азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстары Павлодар облысындағы Қазақстан Республикасының Су кодексіне өзгерістер енгізу кезінде және Қостанай облысының Даму жоспарына өзгерістер енгізу барысында ескерілді. Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасына байланысты бюджетке өзгерістер енгізілді. Түркістан облысында ауыл шаруашылығы мен туризм салаларына қатысты бағдарламаларға да өзгерістер енгізілді. Бұдан бөлек, мониторинг нәтижелері мемлекеттік органдардың нақты мәселелерге назар аударуына ықпал етіп, қосымша жұмыстар жүргізуге негіз болды. Мысалы, Жетісу облысындағы жастарға арналған стадиондардың толыққанды жұмыс істеуі және Қостанай облысының шалғай ауылдарындағы интернетке қолжетімділік мәселелері бойынша жұмыстар жүргізілді.Алайда қор үшін тек оң нәтижелерді көрсету маңызды емес.

Кейбір ұсынымдардың неге әлі жүзеге аспағанын түсіну де маңызды. Бұл қандай мәселелерге қосымша жұмыс қажет екенін және қай бағыттарда диалогты жалғастыру керектігін анықтауға мүмкіндік береді.

Анықталған проблемадан — шешімге дейін

Қазіргі кезеңдегі жұмыстың мәні де осында.

Бұл жағдайда адвокация — тек өтініштер немесе талаптар емес. Бұл — тұрақты диалог, өзгерістерге мүмкіндік іздеу және жағдайға ықпал ете алатын тараптармен бірлескен жұмыс.

Осы материал Еуропалық Одақ қаржыландыратын жоба аясында дайындалды. Материалда білдірілген пікір авторға тиесілі және Еуропалық Одақтың ұстанымын міндетті түрде білдірмейді.

https://www.facebook.com/share/v/1GfbHQk6z7/?mibextid=wwXIfr




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram