БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ
Алматы қаласының азаматтық орталығы "Civil Center Almaty" жобасы аясында Алматы қаласының ҮЕҰ басшылары мен өкілдеріне арналған оқу-әдістемелік семинар өткізеді:
«Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс: конкурсқа қатысудың жаңа ережелері және көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау критерийлері»
Жүргізуші:
· * Братенков Александр Иванович, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жөніндегі маман( ҚР МИОР сертификаты), 2012 жылдан бастап жобалық қызмет тәжірибесі "Қоғамдық жоба" мекемесінің басшысы»
· * Дедович Оксана, Алматы азаматтық орталығының консультанты
Тақырыптың өзектілігі:
2020 жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу ережелеріне қатысушылардың өтінімін бағалау өлшемдері, әлеуетті өнім берушінің біліктілік талаптарының сәйкестігі, сондай-ақ конкурстың баға саясаты бөлігінде өзгерістер күшіне енеді. Семинар барысында тыңдаушыларға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысудың нормативтік-құқықтық базасындағы өзгерістер, конкурсқа қатысушының өтінім беру тәртібі, бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес әлеуметтік жобаларды іске асырудың маңыздылығы туралы түсініктемелер беріледі. Бұдан басқа қатысушылар барлық кезеңдерде әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша практикалық ұсыныстар алады.
Мақсатты аудитория: ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар және т. б.
Жалпы ұзақтығы: 3 сағат
Семинар 3 негізгі бөлімге бөлінеді:
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс конкурсына қатысу процесін нормативтік-құқықтық реттеу;
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс стандартына сәйкес жобалау жұмыстарын қалыптастыру және іске асыру;
- Мемлекеттік сатып алу порталымен практикалық жұмыс – www.goszakup.gov.kz.
Іс-шара күні: 28 қаңтар (сейсенбі) 2020 ж.
Өткізу уақыты: сағат 14.30-18.00 (қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-ден бастап).
Өткізілетін орны: Алматы қ., Жамбыл к-сі 114/85, бизнес Сити ғимараты, Алматы азаматтық орталығының конференц-залы.
Іс-шара бағдарламасында кофе-брейкке үзіліс қарастырылған.
Семинарға қатысу үшін келесі ақпаратты жіберіп, тіркелу қажет: қатысушының аты-жөні, жұмыс орны, лауазымы, байланыс телефондары. Электронды почта: info@civilcenteralmaty.kz немесе 8 (727)3 410 411 телефонына хабарласып, біле аласыздар.
Өтінімдерді 28 қаңтар сағат 12.00-ге дейін жіберулеріңізді сұраймыз. (Астана уақытымен)
* Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарға жазылыңыз:
Instagram: Civilcenteralmaty;
Facebook: @Civilcenteralmaty; #CivilCenterAlmaty