БАСПАСӨЗ - РЕЛИЗІ

  • 7 - Ақпан, 2020 жыл.

Алматы қаласының азаматтық орталығы "Civil Center Almaty" жобасы аясында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қаржылық қолдауымен "Алматы қаласы кәсіподақ орталығы" АКБ-мен бірлесіп жастардың жеке тұлғалық дамуы мен біліктілігін арттыру мақсатында төмендегі тақырып бойынша оқу-әдістемелік тренинг өткізеді:

 

"Қазақстанда кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары.

Шағын бизнес маркетингі»

 

Жүргізушілер: Елекеев Сағынғали, Сұлтанова Асима, «Атамекен»  ҰКП сертификатталған жаттықтырушылары , Zhasproject

Мақсатты аудитория:18-29 жас аралығындағы жастар.

Жалпы ұзақтығы: 3 сағат

Өзектілігі: Қазіргі уақытта мемлекет бәсекеге қабілетті және белсенді жастардың әлеуетін жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Бұл үшін уәкілетті құрылымдық бөлімшелер елдің жас буын өкілдерін қолдауға бағытталған стратегиялық маңызды мемлекеттік бағдарламаларды әр түрлі бағыттар бойынша әзірлеп, жүзеге асырады. Алайда,  жастар арасында орындалып жатқан бағдарламалардың артықшылықтары мен қатысу шарттары туралы мәліметтер төмен деңгейде насихатталуы себепті қиындықтар туындауда.

Тренинг мақсаты: Шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, сондай-ақ қатысушыларды гранттық бағдарламаға қатысу және несие беру үшін кәсіпкерлердің білімі мен дағдыларын қолдануға үйрету. Маркетингтің мәнін түсіну, бизнесте коммуникативтік маркетингті пайдалану.

Тренингтің міндеттері:

  •  Кәсіпкерлерді қаржылық және қаржылық емес қолдаудың мәнін түсіну;
  • Несие мен гранттың арасындағы айырмашылықты түсіну ;

·        Маркетинг құралдары арқылы бизнес мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндіктерін талдау;

·        Коммуникативтік маркетингті басқару дағдыларын қолдану.

Іс-шараның күні: 11 ақпан  2020 ж.

Уақыты: 10.00 – 13.00 с. (қатысушыларды тіркеу с.  09.30 б.)

Өткізілетін орны: Алматы қ., Желтоксан көшесі 37,  "Алматы қаласы кәсіподақтар бірлестігі» АКБ,  конференц-зал, 5 этаж


 

Семинарға қатысу үшін info@civilcenteralmaty.kz  электронды мекен-жайына келесі ақпаратты жіберу арқылы тіркелу қажет: қатысушының аты-жөні, жасы, жұмыс орны, лауазымы, байланыс нөмері  немесе 8(727)3 410 411 телефонына хабарласып қоңырау шалыңыз.

Өтініштерді 10 ақпан сағат 18.00-ге дейін жіберулеріңізді сұраймыз  (Нұр-сұлтан қ. уақыты бойынша)

 

*Әлеуметтік желідегі  біздің парақшаларымызға  жазылыңыз: 
Instagram: Civilcenteralmaty; 
Facebook: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін