Алматы қаласының Ақпараттық-ресурстық орталығы 2026 жылға арналған Алматы қ. ҮЕҰ анықтамалығының жаңартылатынын хабарлайды.
Құрметті Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) жетекшілері мен өкілдері!
Алматы қаласының Ақпараттық-ресурстық орталығы 2026 жылға арналған Алматы қ. ҮЕҰ анықтамалығының жаңартылатынын хабарлайды.
Төмендегі нұсқалардың бірін таңдап, жауап беруіңізді сұраймыз:
-Қызметіңіз жалғасуда: байланыс нөмірлері мен жұмыс бағыттарыңыздың өзгермегенін растаңыз.
-Өзгерістер болды: жаңартылған мәліметтерді жіберіңіз (жаңа мекенжай, телефон, басшы, жұмыс бағытының өзгеруі).
-Қызметіңіз уақытша тоқтатылды: ұйымыңызды белсенді тізімнен уақытша шығару үшін бұл туралы ресми түрде хабарлаңыз.
-Анықтамалықта әлі жоқсыз: ұйымыңызды тізілімге қосу үшін өзіңіз туралы ақпарат жіберіңіз.
Ынтымақтастық орнатып, Алматының азаматтық қоғамын дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз!
















