Құрметті ҮЕҰ өкілдері!
Құрметті ҮЕҰ өкілдері!
Esep.govtec.kz платформасында ақпараттық жүйелердің үйлеспеушілігіне байланысты туындаған техникалық мәселелерге орай «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау уақытша тоқтатылған болатын.
Осыған байланысты, ақпараттық жүйелердегі техникалық сәйкессіздіктер мен анықталған қателер туралы акт негізінде «ҮЕҰ дерекқорына» мәліметтерді қабылдау мерзімі 2026 жылғы 30 сәуірге дейін ұзартылғанын еске саламыз.
«ҮЕҰ деректер базасына мәліметтерді ұсыну тәртібі» тақырыбындағы практикалық семинарды төмендегі сілтеме арқылы көре аласыздар: https://youtu.be/FsASfQlduWI
Семинар барысында есептілікті толтыру және тапсыру тәртібі жан-жақты түсіндіріліп, деректерді жүйеге енгізу тәжірибе жүзінде көрсетіледі.
Техникалық ақауларға қатысты барлық сұрақтарыңыз бойынша Esep.govtec.kz платформасында көрсетілген байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
.jpg)















