Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді

  • 17 - Наурыз, 2026 жыл.

Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді

«Neco» Экологиялық клубы қоғамдық қоры Қостанай облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізу жобасын іске асырды. Жобаның мақсаты – 2024–2029 жылдарға арналған өңірлік жоспардың орындалуын талдау, бағдарламаның тиімділігін бағалау және оны жүзеге асыру сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.

Жоба аясында бағдарламаның іс-шаралар жоспары, индикаторлары және қол жеткізілген қысқа мерзімді нәтижелері бойынша талдау жүргізілді. Қор сарапшылары мемлекеттік органдардың ресми есептерін, статистикалық мәліметтерді және іске асырылып жатқан жобалар туралы ақпараттарды зерттеді.

Мониторингтің маңызды кезеңдерінің бірі ретінде Қостанай облысының тұрғындары мен үкіметтік емес ұйымдары арасында сауалнама жүргізілді. Бұл зерттеу халықтың бағдарлама туралы хабардарлық деңгейін және оның тиімділігіне қатысты пікірлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Сонымен қатар бағдарламаны жүзеге асыруға қатысушы мемлекеттік органдардың өкілдерімен, бизнес құрылымдарымен және азаматтық қоғам өкілдерімен сұхбаттар өткізілді. Жиналған ақпарат бағдарламаны іске асыру барысында кездесетін негізгі мәселелерді анықтауға көмектесті.

Талдау нәтижелері бойынша бағдарламаның жүзеге асырылу механизмдерін жетілдіруге бағытталған ұсыныстар дайындалып, облыстың жергілікті атқарушы органдарына жолданды.

Жоба барысында азаматтық форум аясында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, онда мемлекеттік органдар, ҮЕҰ өкілдері мен сарапшылар бағдарламаның жүзеге асырылу барысын және оны жетілдіру жолдарын талқылады.

Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қорытынды дөңгелек үстел өткізіліп, онда мониторинг нәтижелері ұсынылып, келесі жылға арналған қосымша ұсыныстар әзірленді.

Талқылау барысында экологиялық волонтерлікті қолдау тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, экологиялық волонтерлік қызметпен белсенді айналысатын мектеп түлектеріне жоғары оқу орындарында оқу үшін грант немесе жеңілдік беру мүмкіндігін қарастыру туралы бастама ұсынылды.

Жобаның нәтижелері қоғамдық мониторингтің мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын арттыруға және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал ететін тиімді құрал екенін көрсетті.


Дисклеймер

Бұл материал «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізу жобасы аясында дайындалды.

Материалдың мазмұны «Ақпараттық ресурстық орталық» қоғамдық қорының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың ресми көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram