Азаматтық мониторинг — аймақтарды дамытудың құралы: Түркістан облысының тәжірибесі
Азаматтық мониторинг — аймақтарды дамытудың құралы: Түркістан облысының тәжірибесі
Мемлекеттік бағдарламаларды ауқымды жүзеге асыру жағдайында олардың шынайы тиімділігі, ашықтығы және өңірлердің қажеттіліктеріне сәйкестігі маңызды мәселенің біріне айналады. Түркістан облысының тәжірибесі көрсеткендей, азаматтық қоғам жүйелі қатыспаған жағдайда тіпті жақсы жоспарланған бастамалар да формальды сипат алуы мүмкін. Сондықтан азаматтық мониторинг бүгін көмекші құрал емес, саяси диалог пен тұрақты аймақтық дамудың негізгі элементі болып табылады. Өткен жылдың 8 айында Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен азаматтық бақылау жоба барысында іске асырылды. Ал 2026 жылы мемлекеттік бағдарламаларға мониторинг жүргізудін адвокациялық компаниялар жүргізіледі .

2025 жылы Қазақстандық Қоғамдық Бақылау Институты және Еуропалық Одақтың қолдауымен Түркістан облысындағы мемлекеттік даму бағдарламаларының тәуелсіз азаматтық мониторингі бойынша жоба жүзеге асырылды. Зерттеу барысында бірден үш деңгейдегі мемлекеттік саясат — ұлттық, салалық және аймақтық — назарға алынды, бұл стратегиялық шешімдердің үйлесімділігі мен олардың жергілікті жерде іске асырылу практикасымен кешенді түрде бағалауға мүмкіндік берді.

Бағдарламаларды кешенді талдауға бағытталған тәсіл
Жоба аясында талданып шыққан бағдарламалар:
- «Тұрақты экономикалық өсім» ұлттық жобасы;
- «Қазақстан Республикасында туризмді 2025 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы» салалық бағдарламасы;
- Түркістан облысын 2025 жылға дейін кешенді әлеуметтік-экономикалық дамыту жоспары.

Кешенді мониторингтің қолданылуы ұлттық деңгейдегі мақсаттар салалық басымдықтарға және бұдан әрі — нақты аймақтық шараларға қалай транслируланып жатқанын анықтауға мүмкіндік берді. Туризм оқшауланған сала ретінде қаралмады, керісінше ол жұмыспен қамтуды, шағын бизнестің дамуын, инвестициялық тартымдылықты және өңірдің әлеуметтік тұрақтылығын күшейтетін мультипликативті фактор ретінде қарастырылды.

Талдау бағдарламалар арасындағы логикалық байланыстың жалпы алғанда дұрыс бағытталғанын көрсетті. Алайда іске асыру кезеңінде үзілістер пайда болады — ең алдымен бұл ашық есептіліктің жеткіліксіздігі, аймақтық деңгейде көрсеткіштердің әлсіз айқындалуы және жергілікті қауымдастықтардың шешім қабылдау үдерісіне шектеулі қатысуымен байланысты.

Декларациялардың орнына — нақты деректер
Ақпарат жинау қоғамдық ұйымдар, бизнес өкілдері, медициналық мекемелер, жастар орталықтары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдерімен сауалнамалар, сұхбаттар және жұмыс кездесулері арқылы жүргізілді. Мониторинг географиясы Түркістан қаласы, Сарыағаш, Келес ауданы және Шымкентті қоса алғанда, Түркістан облысының бірнеше территориясын қамтыды.
Алынған деректер туризм саласында оң серпін бар екенін растады: ішкі және шетелден келушілер ағымының өсуі, орналастыру нысандарының санының артуы, экологиялық және мәдени туризмнің дамуы байқалды. Сонымен қатар мониторинг келесі жүйелі мәселелерді анықтады:
- мақсатты көрсеткіштер бойынша тұрақты және ашық есептіліктің жоқтығы;
- инвестициялардың басымдықпен орталық аймақтарға шоғырлануы;
- шалғай аудандарда сапалы инфрақұрылым мен қызмет көрсету желісінің жетіспеушілігі;
- жергілікті қауымдастықтардың бағдарламаларды жоспарлау және бағалау үдерісіне әлсіз тартылуы.
Жоба аясында мемлекеттік сатып алулар талдауына ерекше көңіл бөлінді. Тәртіп бұзушылықтар мен бәсекелестікті шектеу фактілері анықталып, бұл мемлекеттік органдарға аналитикалық материалдар, өтініштер және ұсынымдар дайындауға негізделген
Бұл құжат жобалық мониторинг нәтижелеріне негізделген деректерді және сараптама қорытындыларын ұсынады. Авторлар мен орындаушылар мониторинг деректері мен талдауға негізделген ұсыныстардың нәтижелері үшін тікелей жауапты емес; мемлекеттік органдар мен басқа мүдделі тараптардан алынатын қосымша мәліметтер мен пікірлер қорытынды көзқарасты өзгерте алады.















