Павлодар облысында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларға жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытынды іс-шаралары өтті
Павлодар облысында 2025 жыл бойы жүзеге асқан денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламаларды қоғамдық мониторингтеу бойынша қорытынды кездесу өткізілді. Іс-шараға өңірдің үкіметтік емес ұйымдары, сарапшылар, медициналық мекемелердің өкілдері мен мемлекеттік органдар қатысты.
Мониторинг жұмыстары Концепция развития здравоохранения Республики Казахстан до 2026 года, Пилотного национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения» және Павлодар облысының даму жоспары аясында атқарылған шаралардың орындалу деңгейін бағалауға бағытталды.
Мониторинг қалай жүргізілді?
Зерттеу барысында:
• Денсаулық сақтау басқармасына және тиісті мемлекеттік органдарға 15-тен астам ресми сұрау жолданды;
• 150-ден астам тұрғын арасында сауалнама өткізілді;
• Сала қызметкерлерінің қатысуымен фокус-топтар ұйымдастырылды;
• Ауылдық елді мекендердегі медициналық нысандарға мониторингтік сапарлар жасалды.
Негізгі нәтижелер
Қоғамдық мониторинг бірқатар жүйелі мәселелерді анықтады:
1. Көрсеткіштердің толық орындалмауы
• Денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасының 9 индикаторының 3-і орындалмаған.
2. Халықтың қанағаттану деңгейі төмен
• Павлодар облысында медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейі 54,6%,
жоспарлы мән – 74,6%.
3. Өлім-жітім көрсеткіштері жоспардан жоғары
• Қан айналымы жүйесі ауруларынан өлім-жітім –
100 мың адамға шаққанда 138,07 жағдай (жоспар – 122,5).
• Онкологиялық аурулардан өлім-жітім –
100 мың адамға шаққанда 60,07 жағдай (жоспар – 57,2).
4. Кадр тапшылығы және ауылдық медицинадағы қиындықтар
Мониторинг нәтижелері ауылдық аумақтарда:
• білікті мамандардың жетіспеушілігі;
• бастапқы медициналық көмектің қолжетімділігінің төмендігі;
• инфрақұрылымдық мәселелердің бар екенін көрсетті.
Қорытынды кездесу және ұсыныстар
Қорытынды іс-шара барысында талқылаулар ашық және жұмыс форматында өтті. Сарапшылар анықталған мәселелерді жүйелеу арқылы денсаулық сақтау қызметтерінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша бірқатар ұсыныстар дайындады.
Жиналған ұсыныстар тиісті мемлекеттік органдарға қарастыру үшін жолданатын болады.
Жоба туралы
Бұл зерттеу «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының қолдауымен,
Еуропалық Одақ қаржыландыратын
«Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі компоненті ретінде азаматтық қоғам орындайтын мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу» бастамасы аясында іске асырылды.
Дисклеймер
Осы материал Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Материалда келтірілген ақпарат пен тұжырымдар авторлардың көзқарасы болып табылады және Еуропалық Одақтың ресми ұстанымын білдірмейді.