Қорытынды конференция: “Тұрақты даму үшін мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг” жобасының нәтижелері таныстырылды
14 қараша 2025 жылы Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылында «Замир» қоғамдық бірлестігі Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен іске асырылып жатқан “Тұрақты даму үшін мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг” жобасының қорытынды конференциясын өткізді.
Іс-шараға Түлкібас ауданы әкімдігі, қоғамдық ұйымдар, жергілікті қауымдастықтар, белсенділер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Конференцияның мақсаты
Жиынның негізгі мақсаты — жоба шеңберінде жүргізілген қоғамдық мониторингтің нәтижелерін таныстыру, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі туралы халық пікірін жеткізу және мемлекеттік органдармен ашық диалог орнату.
Жүргізілген мониторинг көлемі
Жоба барысында үш негізгі мемлекеттік бағдарлама талданды:
• “Цифрлық Қазақстан” — 5 110 қатысушы
• “Ауыл – Ел бесігі / Ауыл аманаты” — 4 680 қатысушы
• “Түркістан облысының 2025 жылға дейінгі даму жоспары” — 4 330 қатысушы
Нәтижелер мен ұсыныстар
Конференция барысында жобаның жетекшісі Рүстем Егенбердиев мониторингтің негізгі нәтижелерін ұсынып, анықталған проблемалар мен шешу жолдарын таныстырды.
Аудан әкімдігі өкілдері ұсыныстарды қолдап, кейбір бағыттар бойынша жұмыстардың басталғанын атап өтті.
Жоба аясында әзірленген 31 ұсыныс аудан әкімдігіне, облыстық басқармаларға және салалық министрліктерге жолданды. Олар мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға, цифрлық инфрақұрылымды дамытуға және ауыл тұрғындарының өзекті қажеттіліктерін ескеруге бағытталған.
Ұйым туралы
«Замир» ҚБ — Түлкібас ауданында азаматтық қоғамды нығайту, жергілікті қауымдастықтарды қолдау және тұрғындардың қатысу мәдениетін дамыту бағытында жұмыс істейтін ұйым. Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асыруда