Қостанай облысының журналистері: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысына қоғамдық мониторинг жүргізуде
Қостанай облысының журналистері: «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру барысына қоғамдық мониторинг жүргізуде
Қостанай облысының журналистері өңірдегі цифрландыру және әлеуметтік инфрақұрылым бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына жүйелі түрде талдау жасап келеді.
Қостанай облысы журналистер одағы мен білім және ғылым ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы арасындағы меморандум аясында, Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен, өңір мектептерінің интернетпен қамтылу сапасы бойынша мониторинг өткізілді.
Бүгінде облыстағы 432 мектептің барлығы (100%) кем дегенде 20 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылған.
197 мектеп 100 Мбит/с және одан жоғары жылдамдықпен жұмыс істейді, оның ішінде 146 оқу орны Starlink спутниктік технологиясы арқылы қосылған.
Аталған тізімге Лисаков және Арқалық қалаларындағы ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттар да енеді.
Бұл деректер журналистер мен салалық мамандардың бірлесіп жүргізген зерттеу



















