Иртыш – Үспенка каналы: қоғамдық мониторинг нәтижелері
Иртыш – Үспенка каналы: қоғамдық мониторинг нәтижелері
«Қоғамдық мониторинг негізінде су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру» жобасы аясында «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігінің сарапшылары Павлодар облысындағы «Иртыш – Үспенка» каналының реконструкциясы нысанына мониторинг жүргізді.
Каналдың құрылысы кеңес заманында басталғанымен, кейін тоқтап қалған. Көп жылдар ішінде бетон плиталары ескіріп, арнасы бұталармен жабылған. 2020 жылы реконструкция жұмыстары қайта қолға алынып, жобаның 2022 жылы аяқталуы жоспарланған болатын. Бұл 10 мың гектарға дейінгі суармалы алқаптарды қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді.
Алайда жобаның мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілген. Қоғамдық мониторинг барысында бесінші жылға созылған құрылыс алаңында белсенді жұмыс байқалмайтыны анықталды. 2024 жылдың көктемінде жергілікті тұрғындар бұл нысанды ұзаққа созылғанына байланысты «жергілікті LRT» деп атап кеткен.
«ЭКОМ» ұйымы жағдайды бақылауды жалғастырады және гидротехникалық нысандарды жаңғырту бойынша ашықтық пен есептілікті талап етеді. Себебі су ресурстарын тиімді пайдалану ауылдық аумақтардың дамуына және өңірдің экологиялық тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Жоба «Еуропалық Одақтың» қаржыландыруымен жүзеге асырылуда
Жобаны «Ақпараттық ресурс орталығы» қоғамдық қоры қолдайды.
Бастама атауы: «Азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларын мониторингтеу – Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі компоненті».
Осы материалдың мазмұны автордың жауапкершілігінде. Бұл Еуропалық Одақтың ресми ұстанымын білдірмейді. Мониторинг долгостроя: канал «Иртыш – Успенка»

















