2025 жылғы 14 қазанда офлайн форматта «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті таңдау ма әлде мәжбүрлі шара ма?» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара барысында жобаның нәтижелері талқыланып, қалалардағы микробизнес жағдайы мен оның әлеуметтік рөлі туралы пікір алмасу жүргізіледі.
Құрметті әріптестер!
«Стратегия» әлеуметтік-саяси зерттеулер орталығы» Қоғамдық қоры Роза Люксембург қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің (RLS-CA) қолдауымен Қазақстанда халықты тиімді жұмыспен қамту/өзін-өзі жұмыспен қамту және отбасылардың қаржылық тұрақтылығы мен әл-ауқатын арттырудағы микро-кәсіпкерліктің әлеуметтік функциясы мен рөлін зерттеуге арналған ғылыми жобаны жүзеге асырды.
2025 жылғы 14 қазанда офлайн форматта «Қалалардағы микрокәсіпкерлік: ерікті таңдау ма әлде мәжбүрлі шара ма?» атты дөңгелек үстел өтеді. Іс-шара барысында жобаның нәтижелері талқыланып, қалалардағы микробизнес жағдайы мен оның әлеуметтік рөлі туралы пікір алмасу жүргізіледі.
Қатысуға шақырылатындар:
- кәсіпкерлік бастаманы дамыту тақырыбымен айналысатын қазақстандық ҮЕҰ өкілдері,
- бизнес-тренерлер,
- микро және шағын бизнесі бар кәсіпкерлер,
- Қазақстандағы кәсіпкерлікті және кәсіпкерлік білім беруді дамыту мәселесін зерттеумен айналысатын ғалымдар мен зерттеушілер,
- журналистер.
Өтетін орны: Роза Люксембург қорының Орталық Азиядағы өкілдігінің кеңсесі, орналасқан мекенжайы: Алматы қ., Масанчи к-сі, 98А, 31-кеңсе.
Өтетін уақыты: 14.30-дан 17.30-ге дейін. Іс-шараның жалпы ұзақтығы – 3 сағат. Шара соңында кофе-брейк ұйымдастырылады.
Дөңгелек үстелдің жұмыс тілі: орыс.
!!! Орын саны шектеулі болғандықтан, дөңгелек үстелге қатысуға ниет білдіргендерді төмендегі сілтеме арқылы тіркелуге шақырамыз:
https://forms.gle/c7HDv5hfWbiQwkf97
Барлық сұрақ бойынша мына нөмірге хабарласуға болады:
+7 701 361 3574, жоба үйлестірушісі Ольга Симакова