2025 жылдың 16–17 қазан күндері елордада Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Жиын мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың негізгі алаңы болмақ.
2025 жылдың 16–17 қазан күндері елордада Қазақстанның XII Азаматтық форумы өтеді. Жиын мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы диалогтың негізгі алаңы болмақ.
Форум қарсаңында, 24 қыркүйек пен 10 қазан аралығында, орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен қоғам өкілдері арасында бірқатар кездесулер жоспарланған.
Кездесулер барысында ғылым мен білім, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, туризм мен спорт, энергетика, су ресурстары, сауда және интеграция, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, әділет саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер және басқа да өзекті мәселелер талқыланады.
Министрлер мен ҮЕҰ өкілдерінің кездесуі өзара конструктивті байланысты орнатуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттің ашықтығын және «Еститін мемлекет» қағидатын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Толық ақпарат: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1072839?lang=ru
















