Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы сіздерді Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырады.

  • 19 - Қыркүйек, 2025 жыл.

Құрметті Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы сіздерді Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтетін жалпықалалық бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне шақырады.
Жәрмеңкеде білім беру, медицина, өндіріс, қаржы, логистика және басқа да салалар бойынша қаланың жетекші компанияларының бос жұмыс орындары ұсынылады. Жұмысшы мамандықтарға ерекше назар аударылады — электриктер, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, слесарьлар, операторлар, аспаздар және басқа да сұранысқа ие мамандар. Сіздер түйіндемеңізді тікелей жұмыс берушілерге тапсырып, алдын ала әңгімелесуден өтіп, жұмыс шарттарын талқылай аласыздар.
Сіздерді 2025 жылдың 26 Қыркүйек Арбатта, Панфилов және Жібек Жолы көшелерінің қиылысында күтеміз. 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram