Мониторинг мемлекеттік даму бағдарламалары: Түркістан облысындағы жобаның аралық нәтижелері

  • 7 - Тамыз, 2025 жыл.
«Қазақстандық Қоғамдық Бақылау Институты» жеке мекемесі «Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларын мониторингтеу» жобасы аясында мемлекеттік және өңірлік бастамалардың тиімділігін бағалау жұмыстарын жалғастыруда. Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен іске асырылуда.
 
Есептік кезеңде жоба тобы үш негізгі құжатты жан-жақты талдады:
• Ұлттық жоба «Тұрақты экономикалық өсу»
• Салалық бағдарлама «Қазақстан Республикасының туризмді дамыту тұжырымдамасы – 2025 жылға дейін»
• Өңірлік бағдарлама «Түркістан облысының 2025 жылға дейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары»
 
 
Анализ алгоритмі негізінде мақсаттар, міндеттер, көрсеткіштер және бағдарламалардың өңірдің нақты қажеттіліктеріне сәйкестігі бағаланды. Тиімділіктің 10 негізгі критерийі айқындалды, олардың ішінде мақсатқа сәйкестік, нәтижелілік, тұрақтылық, мүдделі тараптардың қатысуы, ашықтық және инклюзивтілік бар.
 
Маңызды қорытындылардың бірі – жоспарлар мен өңірдегі нақты жағдай арасындағы сәйкессіздіктердің анықталуы, сондай-ақ ҮЕҰ рөлін күшейту, ашықтықты арттыру және бағдарламаларды басқаруда цифрлық шешімдерді енгізу жөніндегі ұсынымдар болды.
 
 Жобаның БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялануы
Жобаның барысы туралы ақпарат Шымкент қ. Азаматтық альянсының, Гражданский ресурсный центрдің және «Қоғамдық бақылау» КИОК парақшаларында (Instagram, Facebook) тұрақты жарияланды. Жарияланған іс-шаралардың қатарында – ЕО Елшісінің Шымкентке сапары, іс-шаралар анонстары және талдамалық материалдардың таныстырылымы бар.
 
Келесі кезеңге арналған жоспарларға халықпен және сарапшылармен сауалнамалар мен сұхбаттар өткізу, жұмыс топтарын құру, ұсынымдар дайындау және мемлекеттік органдармен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою кіреді.
 
Әлеуметтік желідегі жарияланымдармен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
 
Материал Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылған жоба аясында дайындалды. Публикация мазмұны тек Ақпараттық-ресурстық орталықтың жауапкершілігінде және Еуропалық Одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.
 



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram