«Биліктің заң шығарушы және атқарушы тармағы қызметінің қағидалары және өзара іс қимыл тетіктері» тақырыбымен өткізілетін семинар туралы ХАБАРЛАМА

  • 14 - Тамыз, 2025 жыл.

«Биліктің заң шығарушы және атқарушы тармағы қызметінің қағидалары және өзара іс қимыл тетіктері» тақырыбымен өткізілетін семинар туралы 
ХАБАРЛАМА


Алматы Азаматтық орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ)
ҮЕҰ басшылары мен өкілдерін оқу-әдістемелік семинарға қатысуға шақырады.

Іс-шара Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қаржылай қолдауымен өткізіледі.
Күні мен уақыты: 19 тамыз (сейсенбі), сағат 10:30-ден 13:00-ге дейін. Жалпы ұзақтығы: 1,5 сағат. 
Өткізу тілі: қазақша/орыс
Өткізілетін орны: Алматы қ., Абылай хан данғылы, 79.
Сипаттама: семинар барысында келесі мәселелер қарастырылады:
- Заң шығарушы билік: оның билікті бөлу жүйесіндегі рөлі мен функциялары. Семинарға қатысушылар заңдардың қалай құрылатынын және қабылданатынын, заң шығару процесіне қандай органдар жауапты екенін және заңдардың қоғам мен тұтастай мемлекеттің жұмысына қалай әсер ететінін зерттейді.
- Атқарушы билік: оның міндеттері мен өкілеттіктері. Атқарушы билік органдарын талқылау, олардың заңдар мен саяси шешімдерді жүзеге асырудағы рөлі, сондай-ақ атқарушы биліктің азаматтардың күнделікті өміріне әсері.
Семинардың мақсаты: Семинардың мақсаты-билікті бөлудің теориялық аспектілерін зерттеу ғана емес, сонымен қатар бұл принциптердің әртүрлі елдердің нақты саяси тәжірибесінде қалай жұмыс істейтінін практикалық түсіну. Қатысушылар өзекті мәселелерді талқылауға, билік тармақтарының алдында тұрған сын-қатерлерді анықтауға және заң шығарушы және атқарушы билік арасындағы өзара іс-қимыл принциптері мен тетіктерін терең талдау негізінде оларды шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік алады.
Тренер: Асанова Жанна Бейсентайқызы - Алматы қаласынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Пішімі: офлайн. 
Семинарға қатысуға ҮЕҰ басшылары мен өкілдері, үйлестірушілер, жобалау менеджерлері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар, ҮЕҰ және басқа да мүдделі тұлғалар шақырылады.
Қатысу тегін, барлық сұрақтар бойынша Алматы қалалық азаматтық орталығының info@civilcenteralmaty.kz поштасы арқылы немесе 8 (727) 398 95 25, ‪+7 777 440 41 13‬ (WhatsApp) телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

* Әлеуметтік желілердегі жаңалықтарымызға жазылыңыз: 
Instagram|Facebook| Telegramm: @CivilCenterAlmaty; #CivilCenterAlmaty




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram