Қол жетімді интернет: мониторинг қалай өтеді

  • 24 - шілде, 2025 жыл.

Қол жетімді интернет: мониторинг қалай өтеді

2025 жылдың наурыз айынан бастап Қостанай облысының Журналистер одағы «Қолжетімді интернет» пилоттық ұлттық жобасының іске асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізіп келеді. Жобаның мақсаты – ауылдық жерлерде интернетке қолжетімділікті зерттеу, шешім қабылдауға ықпал ету және халықтың қатысуын арттыру.

Есепті кезеңдегі негізгі нәтижелер

1. Мемлекеттік органдар мен байланыс операторларымен жұмыс
▪ Ресми сұраулар жіберілді
▪ 5G желісі бойынша ақпараттар алынды: Қостанай қаласында 26 станция жұмыс істейді, жыл соңына дейін – 48-ге жетпек
▪ «Қазақтелеком» және басқа да операторлармен сұхбаттар өткізілді

2. Ауылдардағы сауалнама және зерттеулер
▪ 9 серіктес ҮЕҰ-мен бірге сауалнамалар жүргізілді
▪ 27 ауылда мүлде байланыс жоқ
▪ 28,7% – тек 2G/3G қолданады
▪ Ұсыныстар әзірленді: спутниктік байланыс, субсидия, МЖӘ тетіктері

3. Серіктестік желіні кеңейту
▪ 8 аудандық ҮЕҰ-мен меморандум жасалды
▪ Мемлекеттік органдармен өзара әрекет жолға қойылды

4. Ақпараттық жариялылық
▪ БАҚ-та материалдар шықты:

Тоболинфо – жоба туралы

Наш Костанай – интернет сапасы және шешу жолдары
▪ 6 әлеуметтік жазба жарияланды
▪ Тарифтер мен шағымдар беру арналары түсіндірілді


5. Табыс тарихы: Урожайное ауылында 4G пайда болды
Мониторингтен кейін Сарыкөл ауданындағы Урожайное ауылында 4G байланыс орнатылды. Оқушылар қашықтан оқуға мүмкіндік алды, зейнеткерлер eGov арқылы қызмет ала бастады.

>  «Бұрын сигналды ауылдың шетінде ғана ұстайтынбыз. Қазір үйде интернет бар. Дәрігерге өзім жазыла аламын. Бізді ұмытпағандарыңызға рахмет!»
— Айман Шонова, Урожайное ауылының әкімі

 Жоба үйлестірушісінің пікірі

> «Біздің мақсатымыз – тек мәселені көрсету емес, нақты өзгерістерге қол жеткізу. Қоғамдық мониторинг шын мәнінде шешім қабылдауға әсер етуде»,
— Динара Утебаева, жоба үйлестірушісі

 Келесі кезеңге жоспар

▪ Информатизация басқармасымен меморандум
▪ Азаматтық форумға қатысу
▪ Сарапшы тарту
▪ Медиа серіктестікті нығайту
▪ Ауылдардағы жұмысты жалғастыру

Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылуда




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram