Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау: «Замир» ҚБ аймақтық дамуға азаматтардың қатысуын күшейтуде

  • 16 - шілде, 2025 жыл.

Мемлекеттік бағдарламаларды бақылау: «Замир» ҚБ аймақтық дамуға азаматтардың қатысуын күшейтуде

2025 жылдың наурыз айынан бастап «Мемлекеттік бағдарламаларды тұрақты дамыту үшін мониторингтеу» жобасы Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жүзеге асырылуда. Жобаны «Замир» қоғамдық бірлестігі Еуропалық Одақтың қолдауымен, Алматы қаласының Азаматтық орталығы арқылы іске асыруда.


 Жобаның мақсаты:

Мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын, есептілігін арттыру және азаматтардың олардың іске асырылуына қатысуын күшейту. Бұл мақсатқа білім беру, қоғамдық мониторинг және билікпен өзара іс-қимыл арқылы қол жеткізіледі.

Негізгі нәтижелер

✅ 2025 жылдың наурыз–мамыр айлары аралығында келесі жұмыстар атқарылды:

✅  9 адамнан тұратын жұмыс тобы құрылды (азаматтық белсенділер мен тәуелсіз сарапшылар). Мониторинг әдістемесі әзірленіп, бекітілді.

✅  2 оқыту тренингі өткізілді:

1.«Мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу» (20 наурыз) – қатысушылар нормативтік құжаттарды талдау, ашық дереккөздермен жұмыс істеу және өздерінің мониторинг жоспарларын дайындау дағдыларын меңгерді;

2.«Қоғамдық пікірді зерттеу» (17 сәуір) – қатысушылар сауалнама әдістерін, анкета құру және деректерді өңдеу жолдарын үйренді. Анкета үлгілері дайындалды.

✅ Түлкібас ауданы мен Түркістан облысы әкімдіктеріне e-otinish платформасы арқылы 3 ресми сұрау жолданып, келесі бағдарламалар бойынша ресми жауаптар алынды:

«Ауыл-Аманаты»

«Цифрлық Қазақстан»

2025 жылға дейінгі Түркістан облысын дамыту бағдарламасы


 Әкімдікпен өзара іс-қимылды ресми түрде бекіту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандум жобасы әзірленді.

Қандай бағдарламаларға мониторинг жүргізілуде?

Жоба шеңберінде келесі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына талдау жүргізіледі:

✅ ауыл инфрақұрылымын дамыту және кәсіпкерлікті қолдау;

✅ мемлекеттік қызметтердің цифрландырылуы;

✅ өңірлік даму және стратегиялық мақсаттардың орындалуы.

 Азаматтық кері байланыс – басты назарда

Келесі кезең – тұрғындар арасында сауалнама жүргізу. Бұл бағдарлама аясындағы проблемалар мен сұраныстарды нақтылауға мүмкіндік береді. Нәтижелері ашық талқылау және дөңгелек үстел форматында ұсынылатын болады.

Ақпараттың ашықтығы

Жоба барысы @ngo_zamir Instagram парақшасында тұрақты түрде жарияланып отырады. Сонымен қатар, «Шамшырақ» аудандық газетінде екі мақала жариялау жоспарлануда.

Жоба барысында жергілікті атқарушы органдармен байланыс орнатылды. Жақын арада ынтымақтастық туралы меморандум қол қою жоспарлануда. Сондай-ақ серіктестік желіні кеңейту және жобаның нәтижелері бойынша қоғамдық есеп жариялау жоспарлануда.

Қоғамдық мониторинг нәтижелерін талқылау және ұсыныстарды ұсыну 2025 жылдың тамыз айына жоспарланған.

ℹ Байланыс:

 info.ngozamir@gmail.com
 Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т. Рысқұлов ауылы
 Instagram: @ngo_zamir




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram