Жетісу жастарының салауатты өмір салтына қатысы: қоғамдық мониторинг нәтижелері

  • 2 - шілде, 2025 жыл.
Жетісу жастарының салауатты өмір салтына қатысы: қоғамдық мониторинг нәтижелері
 
«Қос Қанат Жетісу» Қоғамдық бірлестігі Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан «Мемлекеттік даму бағдарламаларын қоғамдық мониторингтеу» жобасы аясында 2025 жылғы наурыз-мамыр айларында Жетісу облысында мемлекеттік жастар саясатының 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша ауқымды зерттеу жүргізілді.
 
Мониторингтің негізгі бағыты – жастардың салауатты өмір салтын ұстануы.
 
Зерттеудің мақсаты:
• Жастардың спортқа деген қызығушылығын анықтау;
• Ауылдық жерлердегі спорттық инфрақұрылымның жағдайын бағалау;
• Жастардың спортпен айналысуына кедергі келтіретін факторларды анықтау;
• Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар дайындау.
 
Негізгі нәтижелер:
• 1336 респондент (12–35 жас) сауалнамаға қатысты (оффлайн және онлайн);
• 65% жастар спортпен айналысуға қызығушылық білдірді;
• 70% спорт алаңдарының бар екенін айтты, бірақ тек 40% оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады;
• Ең танымал спорт түрлері: ⚽ футбол (55%), ???? волейбол (30%), жеңіл атлетика (20%), үстел теннисі (15%) және ұлттық спорт түрлері (10%);
• Басты кедергілер:
• уақыттың жетіспеушілігі (40%),
• инфрақұрылымның жеткіліксіздігі (30%),
• қаржылық қиындықтар (20%),
• ақпараттың жетіспеушілігі (15%).
 
Жастардың ұсыныстары:
• Жаңа спорт алаңдарын салу;
• Қолданыстағы нысандарды жөндеп, жаңарту;
• Спорттық жарыстар мен іс-шараларды жиі өткізу;
• Жергілікті БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттандыруды күшейту.
 
???? Мониторинг шеңберінде ОО «Қос Қанат Жетісу» мемлекеттік құрылымдармен меморандумдарға қол қойып, тәжірибелі сарапшыларды тартты.
Жобаның нәтижелері қоғамдық сараптама жасауға және нақты ұсыныстар дайындауға негіз болады.
 
Іс-шаралардың фото-видеосын мына сілтемелерден көре аласыз:
Жоба Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда. Жарияланған ақпарат ОО «Қос Қанат Жетісу» ұйымының жауапкершілігі болып табылады және Еуропалық Одақтың ресми көзқарасын білдірмейді.



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram