«Денсаулық бақылауда»: Павлодар облысындағы азаматтық қоғам денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуде

  • 3 - Маусым, 2025 жыл.

«Денсаулық бақылауда»: Павлодар облысындағы азаматтық қоғам денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуде

2025 жылғы наурыз–мамыр аралығында «Денсаулық бақылауда: талдау және ұсынымдар әзірлеу» жобасының командасы Павлодар облысында денсаулық сақтау саласындағы негізгі мемлекеттік бағдарламаларға қоғамдық мониторинг жүргізуде. Жоба Еуропалық Одақтың қолдауымен, азаматтық қоғам ұйымдарының саяси диалогқа қатысуын күшейту бастамасы аясында іске асырылуда.

Есептік кезеңде атқарылған жұмыстар: — Жобаны іске асырудың егжей-тегжейлі жоспары әзірленіп, жергілікті жағдайларға бейімделген мониторинг тәсілі бекітілді;
— Мүгедектігі бар адамдармен, балалармен және ауыл тұрғындарымен жұмыс істейтін ұйымдарды қоса алғанда, өңірлік ҮЕҰ мен сарапшылардан құралған мониторингтік топ құрылды;
— Мониторингтің мақсаттары, міндеттері, бағалау әдістері мен дереккөздері көрсетілген Әдістемелік нұсқаулық дайындалды;
— eOtinish арқылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне, облыстық денсаулық сақтау басқармасына және Ұлттық нейрохирургия орталығына ресми сұрау салулар жолданып, алғашқы жауаптар алынды;
— Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы мен «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығымен ынтымақтастық туралы меморандумның жобасы келісілді;
— Бес индикатор бойынша халық арасында сауалнама жүргізу және фокус-топтар өткізу үшін екі тілде сауалнама әзірленді (реабилитациямен қамту, жүкті әйелдерді бақылау, ФАП-тарға қолжетімділік, СК-Фармация жұмысының тиімділігі және т.б.);
— 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай қалалық саябақта пилоттық сауалнама жүргізілді.

Осы кезеңнің нәтижелері бойынша: — 5 факт бойынша мемлекеттік органдарға ресми өтініштер жолданды;
— Әлеуметтік желілерде 785 пікір мен жауап алынды;
— Ақпараттық науқан аясында жоба 1000 адамды қамтыды.

Маңызды жетістік: мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ арасында әріптестік орнап, мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен тиімділігін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайын ұйымдар анықталды.


Келесі кезеңде жоспарланған іс-шаралар: ▪ Халық арасында кең көлемді сауалнама және фокус-топтар өткізу;
▪ Денсаулық сақтау нысандарына барып, деректерді тексеру (верификация);
▪ Сараптамалық анықтама мен ұсынымдар әзірлеу;
▪ Акимат, маслихат, ҮЕҰ және салалық органдар өкілдерінің қатысуымен Дөңгелек үстел өткізу.

Біз мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы тұрақты диалог – әлеуметтік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуының кілті деп сенеміз.

Жаңалықтардан хабардар болу үшін Павлодар облыстық «Азаматтық альянстың» Instagram және Facebook парақшаларын бақылап отырыңыз.

Бұл жарияланым Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен дайындалды. Оның мазмұны Ақпараттық ресурстық орталық Қорының толық жауапкершілігінде және Еуропалық Одақтың көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram