"2025 жылдың үздік әлеуметтік жобалары" конкурсына қатысу, Kazakhstan Growth Forum

  • 2 - шілде, 2025 жыл.

"2025 жылдың үздік әлеуметтік жобалары" конкурсына қатысу, Kazakhstan Growth Forum

Құрметті, әлеуметтік өзгерістер көшбасшылары!

Біз Kazakhstan Growth Forum-да жыл сайынғы "2025 жылдың үздік әлеуметтік жобалары" конкурсына өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы қуана-қуана жариялаймыз. Бұл өзіңізді таныстырып, қоғамға бүгінгі күннің өзінде айналамыздағы әлемді жақсырақ және мейірімдірек етіп жатқан маңызды бастамаларды жариялауға берілген мүмкіндік.

"Үздік әлеуметтік жобалар" конкурсыөз жобаңызды мойындатып, сіздің әлеуметтік бағдарланған жобаңызды одан әрі дамыту үшін қолдау мен ресурстарға қол жеткізудің бірегей мүмкіндігі. Осы бір маңызды оқиғаның шарықтау шегі - 04 желтоқсан 2025 жылы Алматы қаласында Kazakhstan Growth Forum қайырымдылық балы аясында өтетін жеңімпаздарды марапаттау салтанаты болмақ.

Негізгі бес саладағы - медицина, білім беру, инклюзивтілік, мәдениет, экология және қоршаған орта саласындағы конкурс жеңімпаздары тек құрмет марапаттарына ие болып қана қоймайды, өздерінің игі мақсаттарын әрі қарай жүзеге асыру үшін 5 000 000 теңге көлемінде жүлделі сыйлықақыны да алады. Сіздің жобаларыңызды беделді Сараптама кеңесі бағалайды, оның құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, бизнес өкілдері мен Қазақстанның танымал меценаттары кіреді.

Міне төртінші жыл қатарынан Kazakhstan Growth Forum қайырымдылық балы шабыт беретін әлеуметтік бастамаларды қолдауға және дәріптеуге арналған сенімді платформа болып отыр. Сіздің қоғам игілігіне бағытталған жобаңыз осы бір маңызды оқиғаның жарқын жұлдызы бола алатындығына сенеміз!

Оған қатысуға адамдар өміріндегі шынайы оң өзгерістерді көрсететін, жүзеге асырылған әлеуметтік жобалар шақырылады. Өтінімдерді қабылдау кезеңі 2025 жылдың 02 маусымынан бастап 30 қыркүйегін қоса алғандағы мерзімге жалғасады. Өтінім беру https://forms.gle/DVQg5zK6rQgTxUNc8

2024 жылғы конкурс жеңімпаздары биыл "шығармашылық үзіліс" жасап, келесі жылы қатыса алатынына назар аударамыз. Сонымен қатар, конкурсқа бір коммерциялық емес ұйымнан бір ғана әлеуметтік жоба қатысады.

Сіздің жобаңыз Сараптама кеңесінің лайықты бағасын алуы үшін сізден бастамаңыздың толық және егжей-тегжейлі сипаттамасын ұсынуыңызды сұраймыз. Халықтың кең ауқымы үшін қолжетімді, айтарлықтай қолайлы ықпал ететін және масштабтау үшін әлеуеті бар жобаларға ерекше назар аударылады.

Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырушылар тобы сіздің әлемді жақсартсам деген ұмтылысыңызды шын жүректен қолдайды және өтінімдеріңізді асыға күтеді!




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram