Түркістан облысындағы ҮЕҰ-ға менторлық қолдау көрсетілді
Түркістан облысындағы ҮЕҰ-ға менторлық қолдау көрсетілді
Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асып жатқан «Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысын ҮЕҰ тарапынан қоғамдық мониторингтеу» жобасы аясында Түркістан облысына жұмыс сапары ұйымдастырылды. Сапар барысында жобаның үйлестірушісі, Александр Братенков, өңірдегі серіктес ұйым – «Замир» қоғамдық бірлестігі мен “Қазақстандық қоғамдық бақылау институты” Жеке мекемесіне барып, менторлық қолдау көрсетті.
Сапардың мақсаты – өңірлік ҮЕҰ-дың жобалық мониторингтік әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасу және практикалық кеңес беру. Кездесу аясында ұйымның өз өңірінде жүргізіп жатқан мониторингінің алғашқы нәтижелері қарастырылып, халықпен және жергілікті атқарушы органдармен жұмыс істеу тәсілдері талқыланды.
Ұйым өкілдері жобаны жүзеге асыру кезінде кездескен негізгі қиындықтар мен қажетті қолдау түрлері туралы мәлімдеді. Өз кезегінде жобаның үйлестірушісі әдістемелік ұсыныстар беріп, мониторинг сапасын арттыру бағытында нақты кеңестер ұсынды.
Бұл менторлық сапар – қоғамдық бақылау мәдениетін орнықтыру жолындағы маңызды қадам.
Әрбір осындай кездесу азаматтық қоғам өкілдерінің кәсіби өсуіне және мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.
Жалпы жоба барысында Түркістан облысында үш мемлекеттік бағдарламаға мониторинг жүргізіледі.