Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

  • 18 - Сәуір, 2025 жыл.

Құрметті азаматтық қоғам өкілдері!

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті «Үкіметтік емес ұйымдар туралы» заң жобасын әзірлеу бойынша тиісті жұмысты бастады.

Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен Жұмыс тобы құрылды, оның шеңберінде болашақ Заңның тәсілдері мен негізгі бағыттары пысықталатын болады (ЖТ құрамы - https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/827954?lang=ru).

Қазіргі уақытта азаматтық қоғам өкілдерінен ұсыныстар жинау жүргізілуде.
Барлық келіп түскен ұсыныстар Жұмыс тобы шеңберінде пысықталатын болады және одан әрі талқылау үшін негіз болатын Реттеушілік саясаттың консультативтік құжатының жобасына енгізіледі.

Қоғам болашақ заңның негізгі новеллаларын қоса алғанда, заң жобасындағы жұмыс барысы туралы үнемі хабардар болып отырады.
«ҮЕҰ туралы Заң» белгісімен ұсыныстарды: ta.akhmadiev@mki.gov.kz эл.поштасына жолдауға болады.

Бұдан басқа, Сіздерді аталған мәселе бойынша сауалнамаға қатысуға шақырамыз.
Ол үшін төмендегі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз:
https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSf0K4_ZyA804j2LVdzUSng8wu0eXXykM7DWqaJy4NyDL4CaFQ/viewform 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram