Семинар «ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландыру: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен ҮЕҰ сыйлықақылары»

  • 14 - Қараша, 2019 жыл.

3 лого стандарт

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Алматы қалалық Азаматтық орталығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Алматы қаласының тұрғындарын белсенді қатыстыра отырып, азаматтық қоғам институттарының кәсіби құзыреттілігін арттыру және тұрақтылығын нығайту мақсатында үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері үшін оқу-әдістемелік іс-шаралар кешенін ұйымдастырады.

Осы орайда, 2019 жылының 21 қараша айында Алматы қалалық Азаматтық орталығы:

 «ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландыру: мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, мемлекеттік гранттар мен ҮЕҰ сыйлықақылары»

тақырыбымен өткізілетін оқу семинарына шақырады

Тренерлер: Братенков Александр Иванович, Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты бағалау жөніндегі маман ( ҚР МИОР сертификаты), 2012 ж.бастап жобалық қызмет тәжірибесі бар, "Қоғамдық жоба" мекемесінің басшысы                                                Дедович Оксана - Азаматтық орталығының кеңесші                

Мақсатты аудитория: ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар және т.б.

Жалпы ұзақтылығы: 3 сағат

Тақырыптың өзектілігі: ҮЕҰ-ны мемлекеттік қаржыландыру коммерциялық емес ұйымдардың арасында ең сұранысқа ие тақырыптардың бірі болып табылады, өйткені ұйымның қаржылық тұрақтылығының негізгі көздерінің бірі болып табылады. Семинарда қатысушылар мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс пен мемлекеттік грант арасындағы айырмашылықты, конкурсқа өтінім беру тәсілдерін, жобаның техникалық ерекшеліктерін, стандарттарды біледі, сондай-ақ қатысушылар барлық кезеңдерде әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша практикалық ұсыныстар алады.

Семинар 3 негізгі бөлімге бөлінеді:

  • ҚР ҮЕҰ мемлекеттік қаржыландыру процесін нормативтік-құқықтық реттеу
  • ҚР ҮЕҰ-ды Мемлекеттік қаржыландыру нысандары (ҚЖТ, мемлекеттік гранттар, сыйлықтар)
  • Мемлекеттік сатып алу порталымен – www.goszakup.gov.kz практикалық жұмыс.

Іс-шараның өткізілетін күні: 2019 жылдың 21 қараша (бейсенбі)

Өткізілетін уақыты: 10.00 - 13.00 сағ. (қатысушыларды тіркеу сағ. 09.30-дан)
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 114/85 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), Бизнес-Сити ғимараты, Алматы Азаматтық Орталығының мәжіліс залы

Іс-шара бағдарламасы бойынша кофе-брейкке үзіліс көзделген.

Семинарға қатысу үшін: Т.А.Ә. қатысушы, жұмыс орны, лауазымы, байланыс деректері көрсетілген келесі ақпаратты info@civilcenteralmaty.kz электронды поштасына жолдап немесе 8 (727) 3 410 411 нөміріне қоңырау шалып тіркелу қажет.

Өтінімдеріңізді 20 қараша күні сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Султан уақытына байланысты) жолдауыңызды сұраймыз




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін