ОФ «Ақпараттық-ресурстық орталығының» мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу жөніндегі жобаны іске асыру барысы туралы АҒЫМДАҒЫ ЕСЕБІ

  • 10 - Наурыз, 2025 жыл.
ОФ «Ақпараттық-ресурстық орталығының» мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу жөніндегі жобаны іске асыру барысы туралы АҒЫМДАҒЫ ЕСЕБІ
 
Жоба Еуропалық Одақтың қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда және азаматтық қоғамның мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу үдерісіндегі рөлін күшейтуге бағытталған.
 
Қазіргі уақыттағы нәтижелер:
 
✅ Төрт облыста байқау нәтижелері бойынша мемлекеттік бағдарламаларды мониторингтеу жобаларын жүзеге асыру үшін қоғамдық ұйымдармен келісімшарттар жасалды.
 
✅ Жеңімпаз ұйымдар мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін талдау мақсатында мониторингтік зерттеулерге кірісті.
 
Мониторинг жүргізілетін бағыттар:
1. «Алпамыс» психофизикалық дамуында ауытқулары бар мүгедек балаларға қамқоршылық жасау жөніндегі ата-аналар қауымдастығы» ҚБ (Талдықорған)
• Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін қолжетімді орта мониторингі.
2. «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі (Павлодар)
• Қазақстан Республикасының 2029 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарын орындау мониторингі.
• “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” пилоттық ұлттық жобасын бақылау.
• 2026 жылға дейінгі денсаулық сақтау жүйесін дамыту тұжырымдамасының орындалуын бағалау.
3. «Замир» ҚБ (Түркістан облысы)
• «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында интернет қолжетімділігін зерттеу.
• «Ауыл – Ел бесігі» ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын мониторингтеу.
• 2025 жылға дейінгі Түркістан облысын дамыту бағдарламасын бағалау.
4. «Қос Қанат Жетісу» ҚБ (Талдықорған)
• 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының өңірлік деңгейде жүзеге асырылуын талдау.
5. «ЭКОМ» ҚБ (Павлодар)
• 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасын мониторингтеу.
• 2024-2028 жылдарға арналған су саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарды бағалау.
• 2023-2029 жылдарға арналған туризм саласын дамыту тұжырымдамасының орындалуын зерттеу.
6. «Қостанай облысының Журналистер одағы» ҚБ (Қостанай)
• «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландыру барысын бақылау.
7. «Neco» экологиялық клубы» ҚҚ (Қостанай)
• «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының орындалуын бағалау.
8. «Мартебе Plus» ҚБ (Шымкент)
• 2024-2029 жылдарға арналған еңбек нарығын дамыту тұжырымдамасын талдау.
9. «Қазақстандық Қоғамдық Бақылау Институты (ҚҚБИ)» ЖМ (Шымкент)
• Тұрақты экономикалық өсуді бақылау.
• 2025 жылға дейінгі Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі кешенді жоспарын бағалау.
• 2025 жылға дейінгі туризмді дамыту тұжырымдамасын зерттеу.
10. «Жетісу облысының Әйелдер ауылдық желісі» ҚБ (Талдықорған)
 
• «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасының іске асырылуын бақылау.
 
✅ Жобаға қатысушыларға ұйымдастырушылық мәселелер бойынша менторлық қолдау көрсетілуде.
✅ Жоба жетекшілері мен коммуникация координаторлары үшін жұмыс чаттары құрылды, бұл ақпарат алмасуды жеделдетіп, азаматтардың мониторинг процесіне қатысуын арттыруға ықпал етеді.
 
Алдағы мақсаттар:
 
• Жергілікті қауымдастықтармен өзара іс-қимылды кеңейту және олардың қатысу деңгейін арттыру.
• Мониторингтің ақпараттық қолдауын күшейту (БАҚ, әлеуметтік желілер).
• Жиналған мәліметтерді аралық талдау және қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатында нәтижелерді ашық алаңдарда ұсыну.
 
Жоба жалғасуда! Барлық серіктестерге белсенді қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз!
 
 
 
 
#МемлекеттікБағдарламаларМониторингі #АзаматтықҚоғам #Ашықтық 



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін

Telegram