
Еуропалық Одақ жобасы Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі бойынша байқау нәтижелерін жариялады
2025 жылғы 23 қаңтарда Еуропалық Одақ (ЕО) қаржыландыратын «Қазақстанда азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалардың мониторингі – саяси диалогтың негізгі компоненті» жобасы аясында өткен байқаудың қорытындылары шығарылды.
Түркістан, Қостанай, Павлодар және Жетісу облыстарынан 10 үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) аймақтардың дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін мемлекеттік бағдарламаларды мониторинг жасау үшін 10 000 еуро мөлшерінде қаржылық қолдау алады.
Байқау жеңімпаздары:
• «Алпамыс» ҚБ
• «Жетісу облысының әйелдер ауылдық желісі» ҚБ
• «ҚОС ҚАНАТ ЖЕТІСУ» ҚБ
• «Павлодар облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ
• «ЭКОМ» ҚБ
• «Қостанай облысы журналистер одағы» ҚБ
• «Neco» экологиялық клубы ҚҚ
• Қазақстанның Қоғамдық бақылау институты (КИОК) ЖШС
• «Мәртебе Plus» ҚБ
• «Замир» ҚБ
Не ушін мониторинг жасалады?
Бұл ұйымдар елдің дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған келесі маңызды мемлекеттік бағдарламаларды талдап, олардың орындалуын бақылаумен айналысады:
• Сандық технологияларды дамыту және интернетке қолжетімділікті жақсарту («Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы),
• Ауылдық аймақтарды дамыту («Ауыл – Ел бесігі»),
• Экологиялық бастамалар («Таза Қазақстан»),
• Денсаулық сақтауды қолдау,
• Жастар саясаты,
• Еңбек мобильдігі және еңбек нарығы,
• Туризмді дамыту және басқа да маңызды бағыттар.
Бұл не үшін маңызды?
Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын мониторинг жасау арқылы келесі міндеттер шешіледі:
• Мемлекеттік бағдарламалардың ашықтығын арттыру
Ұйымдар бастамалардың қаншалықты тиімді жүзеге асырылып жатқанын, қай жерде жетістік бар және қай жерде жақсарту қажет екенін анықтайды.
• Қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты дамыту
Азаматтар, ҮЕҰ және мемлекеттік органдар өзекті мәселелерді бірлесіп шешудің жолдарын іздейтін болады.
• Аймақтарға назар аудару
Әсіресе, жаңа тәсілдерді қажет ететін ауылдық аймақтардың дамуына баса көңіл бөлінеді.
• Экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешу
Экология, медицина, жұмыспен қамту және білім беру – өмір сүру сапасын жақсарту үшін негізгі аспектілер.
• Тұрақты мұра құру
Мониторинг әдістері мен дайындалған сарапшылар жоба аяқталғаннан кейін де жұмысын жалғастырады.
Жобаны «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ және «Қоғамдық жоба» ҚБ жүзеге асырады.
Жүзеге асырылу мерзімі: 2024 жылдың сәуірінен 2027 жылдың сәуіріне дейін.
Жалпы бюджет: 421 053 еуро, оның ішінде ЕО үлесі – 400 000 еуро.
Мониторинг нәтижелері мен жаңалықтарын біздің сайтымыздан қадағалаңыз.