«2019 жылға арналған коммерциялық емес ұйымдардың жыл сайынғы декларациясын толтыру» тренинг

  • 11 - Қараша, 2019 жыл.

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

Алматы қалалық Азаматтық орталығы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның қолдауымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен кәсіби құзыреттілікті арттыру және азаматтық қоғам институттарының тұрақтылығын нығайту мақсатында Алматы тұрғындарының белсенді қатысуымен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен өкілдеріне арналған оқу-әдістемелік іс-шаралар кешенін ұйымдастырады.

Алматы қалалық Азаматтық орталығы:

«2019 жылға арналған коммерциялық емес ұйымдардың жыл сайынғы декларациясын толтыру»
2019 ж. 19 қарашада тақырыбымен өткізілетін оқу семинарға шақырады

Тренер: Наталья Янцен, салық кеңесшісі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ құқықтанушы, Мичиган халықаралық университетіндегі Қаржы саласындағы МВА, Халықаралық есепші (ICB), Ішкі аудитор (IFA)

Тақырыптың өзектілігі:

2018 жылдан бастап коммерциялық емес ұйымдар 100.00 нысаны бойынша жылдық декларация толтырады. Осы семинарда жылдық 100.00 декларацияны және оның ҮЕҰ қызметіне қатысты қосымшаларын толтыруды қарастырамыз. Сондай-ақ, декларациямен қатар, жылына бір рет Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрлігіне берілетін есеп туралы сөз қозғаймыз.

Мақсатты аудитория: Алматы қ. ҮЕҰ басшылары мен бухгалтерлері.

Іс-шара өтетін күні: 19 қараша 2019 ж.

Өткізілетін уақыты: 09.30 – 12.30. сағ.  (қатысушыларды тіркеу сағ:13.30 басталады)

Өткізілетін орыны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі №114/85, Civil Center Almaty мәжіліс залы.

*Іс-шара бағдарламасында кофе-брейк үзілісі қарастырылған.

Семинарға қатысу үшін келесі ақпраттарды жолдап, тіркелу қажет: қатысушының Т.А.Ж., жұмыс орыны, лауазымы, байланыс деректері  info@civilcenteralmaty.kz эл. мекенжайына, немесе  8(727)3 410 411 телефонына қоңырау шалып, 18 қараша сағ. 18.00-дейін (Нұр-Султан қаласы уақыты бойынша) қоса алғанда өтінімдерді жолдауды өтінеміз.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін