Барлық ҮЕҰ өкілдерін Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған білім беру іс-шаралар кешеніне шақырамыз!
Барлық ҮЕҰ өкілдерін Дүниежүзілік ҮЕҰ күніне арналған білім беру іс-шаралар кешеніне шақырамыз!
2025 жылдың 27 ақпанында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы онлайн форматта ҮЕҰ өкілдеріне арналған білім беру іс-шаралар кешенін өткізеді.
Дүниежүзілік ҮЕҰ күні – жыл сайын 27 ақпанда атап өтілетін халықаралық мереке. Бұл күні біз үкіметтік емес ұйымдардың қоғам дамуы мен әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесін құрметтейміз.
Бұл күні біз сіздерді Астана қаласындағы кеңсемізде (Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабат) «Ашық есік күніне» күтеміз. Сіз гранттық байқауларға қатысу бойынша кеңестер ала аласыз және әлеуметтік жобаларды жүзеге асырудың табысты тәжірибесімен таныса аласыз.
Сонымен қатар, біз Орталықтың Facebook желісіндегі ресми парақшасында ҮЕҰ үшін ең өзекті тақырыптар бойынша онлайн мастер-класстар мен семинарлар сериясын өткіземіз.
Толық ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: +7 (7172) 79 08 71, 79 08 03, 79 08 20.
Instagram @cisc_official