«Әлеуметтік кәсіпкерлік коммерциялық емес сектордың жаңа кезеңін қалаушы» тақырыбымен үш күндік оқу-әдістемелік тренинг
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ
Алматы қоғамдық даму басқармасы қолдауымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қоры - Елбасы Қорының қаржылық қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАО, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің қолдауымен Алматы Азаматтық Орталығы («Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ) Алматы қаласының үкіметтік емес ұйымдарының басшылары мен өкілдеріне арналған:
«Әлеуметтік кәсіпкерлік коммерциялық емес сектордың жаңа кезеңін қалаушы»
тақырыбымен үш күндік оқу-әдістемелік тренинг жүргізеді.
Тренер: Нұржан Шәріпқызы Әлжанова, бизнес-тренер және әлеуметтік инновациялар, инвестициялық дизайн және әлеуметтік журналистика саласындағы сарапшы. «Алтын жүрек 2018» Ұлттық сыйлығының лауреаты. 300-ден астам: «Инвестициялық дизайн», «Қаржылық математика», «Жобаларды талдау» және «Қаржылық менеджмент» атты ғылыми жарияланымдар мен оқу құралдарының авторы. AlmaU әлеуметтік кәсіпкерлік орталығының директоры, ф.-м.ғ.к., профессор
Мақсатты аудитория: ҮЕҰ өкілдері, азаматтық белсенділер, бастамашыл топтар және т.б.
Жалпы ұзақтығы: 3 күн
Тақырыптың өзектілігі:
ҮЕҰ жұмысын ұйымдастырудың инновациялық тәсілі бойынша: коммерциялық емес ұйымдарды «дамыту» туралы, әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырудағы жергілікті бастаманы маңызды әлеуметтік тиімділігі бар кәсіби іс-әрекетке қалай бұруға болатындығы туралы тренинг.
Тренингке қатысушылар:
- Әлеуметтік инновациялар мен әлеуметтік кәсіпкерлік туралы, қалада әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы әлеуметтік мәселелерді қалай шешуге болатындығы туралы біледі.
- Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің қызметін, оның түрлері мен қаржыландыру көздерін қарастырады.
- Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту арқылы бірқатар әлеуметтік мәселелерді шешу үшін тренингтің теориялық материалын интерактивті жаттығулармен біріктіре алады.
- Оларға әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша үш күндік практикалық сабақтың нәтижелері бойынша сертификат беріледі.
Тренингте қарастырылатын модульдер сериясы - бұл әлеуметтік кәсіпкерліктің (СП) бизнес-модельдерін құру, дамыту және тұрақтылығына арналған іргелі және өзекті тақырыптардың қысқа мерзімді өзара байланысты кешенді оқу жоспары:
1. Әлеуметтік кәсіпкерлік негіздері және идеяларды қалыптастыру;
2. Фандрайзингалық маркетинг;
3. Қаржылық сауаттылық және ақша ағындары;
4. Әлеуметтік жобаны әзірлеу;
5. Питчинг.
Оқу мерзімі мен уақыты:
11 қыркүйек (сәрсенбі) – сағ. 10.00 - 13.00 (қатысушыларды тіркеу 09.30-дан)
12 қыркүйек (бейсенбі) - сағ. 14.30-17.30 (қатысушыларды тіркеу 14.00-ден)
13 қыркүйек (жұма) - сағ. 10.00-13.00 (қатысушыларды тіркеу 09.30-дан)
Өткізілетін орны: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі 114/85 (Байтұрсынов көшесінің қиылысы), Бизнес-Сити ғимараты, Алматы Азаматтық Орталығының мәжіліс залы
Іс-шараның бағдарламасында кофе-брейкке үзіліс көзделеді.
Семинарға қатысу үшін: Т.А.Ә. қатысушы, жұмыс орны, лауазымы, байланыс деректері көрсетілген келесі ақпаратты info@civilcenteralmaty.kz электронды поштасына жолдап немесе 8 (727) 3 410 411 нөміріне қоңырау шалып тіркелу қажет.
Өтініміңізді 10-шы қыркүйек күні сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласы уақытына байланысты) жіберуіңізді сұраймыз