Сіздi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған қайырымдылық балында әлеуметтік жобаларды іріктеп, марапаттауға қатысуға шақырамыз.
Сіздi Kazakhstan Growth Forum ұйымдастырған қайырымдылық балында әлеуметтік жобаларды іріктеп,
марапаттауға қатысуға шақырамыз. 2024 жылдың 5 желтоқсанына Алматы қаласында жоспарланған бұл
іс-шара маңызды және шабыттандыратын әлеуметтік бастамаларды қолдауға және танытуға бағытталған,
және сіздің жобаңыз осы маңызды оқиғаның бөлігі бола алады.
Қатысу үшін, өтінім беру үшін, төмендегі критерийлерді ескере отырып, жобаның толық сипаттамасын
ұсынуыңызды сұраймыз:
• Сіздің ұйымыңыздың атауы;
• Сіздің ұйымыңыздың қызмет түрі;
• Жобаның атауы;
• Сіздің ұйымыңыздың және жобаның миссиясы;
• Жобаның мақсаты (қысқаша сипаттама);
• Жобаның бағыты немесе категориясы (таңдаңыз: медицина және денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет,
экология және қоршаған орта, инклюзивтілік);
• Жобаның мақсатты аудиториясы;
• Сіздің бастамаңызға тартылған қатысушылар мен/немесе жобалардың саны;
• Тартылған қаржы сомасы немесе ресурстар (қолданылса);
• Жобаның ауқымы (географиялық қамту);
• Сіздің ұйымыңыздың әлеуметтік парақшаларына сілтемелер (бар болса);
• Сіздің веб-сайтыңызға сілтеме (бар болса);
• Жобаның жетекшілері мен негізін қалаушылардың аты-жөні.
Біз қоғамды жақсартуға және әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуге ықпал ететін барлық әлеуметтік
жобаларды қуана қарсы аламыз. Сіздің жобаңызды әрі қарай дамыту үшін 5 000 000 теңге ұтып алу
мүмкіндігіңіз бар!
Өтінімдерді 2024 жылдың 3 қарашасына дейін мына сілтеме бойынша жіберуіңізді сұраймыз:
https://forms.gle/RLQYWsAydgCuCzZG9. Барлық ұсынылған жобаларды қарастырып, жеңімпаздарды
анықтайтын Эксперттік Кеңес танымал қоғам қайраткерлері мен меценаттардан тұрады.