Қостанайда азаматтық қоғам өкілдеріне арналған үш күндік тренинг өтті!

  • 11 - Қазан, 2024 жыл.

Қостанайда азаматтық қоғам өкілдеріне арналған үш күндік тренинг өтті!

Қостанайда мемлекеттік даму бағдарламаларын мониторинг жүргізуге арналған үш күндік тренинг сәтті аяқталды. 

Үш күн бойы қоғамның белсенді өкілдері мен ұйымдары Қостанай қаласында өткен тренингке қатысып, мемлекеттік бағдарламалардың мониторинг әдістемесіне үйренді. Бұл оларға бағдарламалардың іске асырылуын және олардың тиімділігін бағалауға қажетті дағдыларды меңгеруге мүмкіндік берді. Мұндай дайындық азаматтық қоғам мен ұйымдарға мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне белсенді араласып, ашықтық пен жауапкершілікті арттыруға көмектеседі.

Тренинг Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қоры Еуропалық Одақ қаржыландыратын«Қазақстандағы саяси диалогтың негізгі компоненті ретіндеазаматтық қоғам субъектілері орындайтын мемлекеттікдаму бағдарламаларының мониторингі» жобасы шеңберіндеазаматтық қоғам өкілдері, БАҚ, блогерлер, ҮЕҰ басшыларына ұйымдастырылған.

Тренингке қатысқан азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын бақылау, бағалау және тиімділігін арттыру бойынша маңызды дағдыларды меңгерді. Оқыту барысында қатысушылар деректерді талдау, мониторинг жасау әдістері және қоғамға нақты әсер етуді бақылау құралдарын үйренді.

Біздің ҮЕҰ өкілдері мемлекеттік бағдарламаларды мониторинг жүргізу бойынша тренингтен өтіп, жаңа кәсіби дағдыларды меңгерді! Қатысушылар Қостанай өңірінде мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыруға бағытталған жұмысқа дайын екенін қуана айтты. Енді біз мемлекеттік бағдарламаларды жан-жақты бақылап, олардың нәтижелілігін бағалап қана қоймай, олардың тиімділігін жоғарылатуға үлес қосуға дайынбыз. Қоғамға пайдалы өзгерістер енгізу жолындағы қадамдарымыздың бірі – дәл осындай білім мен тәжірибе жинақтау.

Тренинг соңында жоба үйлестірушісі А.И.Братенков атап өткендей, мониторинг өте күрделі міндет, бірақ ҮЕҰ өкілдерінің кәсіби талдау дағдыларын меңгеруі мемлекеттік бағдарламаларын басқару нәтижелерінің тиімділігін арттырудағы азаматтық қоғамның саяси ерік-жігерінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Қатысушылардың белсенділігі мен жауапкершілігіне ризамыз! Алдағы уақытта үлкен жобалар мен жетістіктер күтіп тұр! Енді олар Қостанай өңірінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылауға белсенді қатысып, олардың сапасын жақсартуға үлес қосуға дайын.

Азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға бағытталған мұндай тренингтер қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайтуға үлкен септігін тигізеді!




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін