Жоба аясында аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының иегері Ардақ Құттықожаұлы Назардың қатысуымен әлеуметтік бейнеролик жасалды. Бейнеролик жастарды өзіне де, өзгеге де адал болуға ынталандырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жеке жауапкершіліктен басталатынын еске салады.

  • 10 - Қазан, 2024 жыл.

"Ақпараттық-ресурстық орталық" Қоғамдық Қоры Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы қаласы департаментімен бірлесіп, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қаржылық қолдауымен жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға бағытталған "Адал Ұрпақ" жобасын іске асыруда. 
Жоба аясында аралас жекпе-жектен үш дүркін әлем чемпионы және әлем кубогының иегері Ардақ Құттықожаұлы Назардың қатысуымен әлеуметтік бейнеролик жасалды. 
Бейнеролик жастарды өзіне де, өзгеге де адал болуға ынталандырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет жеке жауапкершіліктен басталатынын еске салады. Адалдық пен сатылмаушылық тек адамгершілік ұстанымдар ғана емес, сонымен бірге әрбір адам ұмтылуы керек күшті және әділ қоғам құрудың негізі болып табылады.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін