Әлеуметтік желілерде ҮЕҰ жобаларын алға жылжыту

  • 14 - Маусым, 2019 жыл.

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

Алматы қаласының азаматтық орталығы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қоры - Елбасы Қорының қаржылай қолдауымен «Civil Center Almaty» жобасы шеңберінде ҮЕҰ-дың әлеуметтік медиа (social media) ілгерілеуін дамытуға ықпал ететін жастарға бағытталған білім беру семинарын өткізеді. Семинардың тақырыбы:

«Әлеуметтік желілерде ҮЕҰ жобаларын алға жылжыту»

Тренер: Анна Сухачева, Newreporter.org медиа мамандары үшін онлайн-ресурстың бас редакторы, Internews мультимедиялық кеңесшісі                   

Мақсатты аудитория: 18-29 жас арасындағы жастар, сондай-ақ SMM мамандары

Жұмыс форматы: воркшоп, практикалық жұмыс элементтерін қамтитын семинар (өзіңмен ноутбук әкелу)

Жалпы ұзақтығы: 3 сағат

Өзектілігі: Әлеуметтік желілер бүгінгі таңда онлайн насихаттаудың ең тиімді құралдарының бірі болып табылады.

Тренинг барысында қатысушылар білім алады:

  • Әлеуметтік желіні қалай таңдау керек
  • Әлеуметтік желі қолданушыларымен қарым-қатынас, сынға қалай әрекет ету керек
  • Әлеуметтік желілер үшін интерактивті мазмұнды қалай жазуға және жасауға болады
  • Әртүрлі әлеуметтік желілерде өз жобаңды жүргізу.

Өткізілетін орыны: 21 маусым 2019 ж.
Өткізілетін уақыты: 11.00 – 14.00 с. (қатысушыларды тіркеу 10.30 с.)
Өткізілетін орыны: Жамбыл көшесі 114\85 (Байтұрсынов көш.қиылысы), Бизнес Сити ғимараты, Азаматтық орталықтың мәжіліс залы.

Іс-шара бағдарламасында кофе-брейкке үзіліс қарастырылған.

Семинарға қатысу үшін келесі ақпраттарды жолдап, тіркелу қажет: қатысушының Т.А.Ж., жас, жұмыс орыны, лауазымы, байланыс деректері  info@civilcenteralmaty.kz, эл. мекенжайына, немесе  8(727)3 410 411 телефонына қоңырау шалып, 20 маусым сағ. 18.00-дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) қоса алғанда өтінімдерді жолдауды өтінеміз.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін