11 қыркүйекте «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының алаңынды жобалық топтың кезекті жұмыс кездесуі өтті.

  • 7 - Қазан, 2024 жыл.

11 қыркүйекте «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының (Алматы қаласының Азаматтық орталығы) алаңында Еуропалық Одақ қаржыландыратын «Қазақстандағы саяси диалогтың маңызды бөлігі ретінде азаматтық қоғам субъектілері жүзеге асыратын мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау» жобасы шеңберінде жобалық топтың кезекті жұмыс кездесуі өтті.

✅ Кездесу барысында сөз алғандар: Көбеева А.О (жоба жетекшісі), Братенков А. (жоба координаторы), Мусабеков М. (гранттық оператор) жобаны жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берді, жақын арада пысықтау қажетті өзекті мәселелерді атап өтті. ????????⏳

Талқылау барысында жобалық топ мүшелері аймақтық серіктестермен шешілуі қажетті жекелеген мәселелерді атап өтті. Олар: гранттық қаржыландыру конкурсын ұйымдастыру және өткізу, екі аймақта потенциалды нығайту бойынша тренингтер өткізу, соның ішінде Еуропалық Одақ өкілдерін шақыру, сондай-ақ жобаның мазмұны мен нәтижелері бойынша ақпараттық жұмысты жүйелеу.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін