«Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын қоғамдық бақылау нәтижелерін қалай қолжетімді және түсінікті етуге болады?»

  • 10 - Қыркүйек, 2024 жыл.

«Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын қоғамдық бақылау нәтижелерін қалай қолжетімді және түсінікті етуге болады?»

Талдықорған, 9 қыркүйек, 2024 жыл. 

9 қыркүйек күні Талдықорған қаласында, «Көктем Гранд» қонақ үйінің конференц-залында, «Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау нәтижелерін қоғамға таныстыру және БАҚ пен әлеуметтік медиада насихаттау әдістемесі» тақырыбындағы тренинг өтті. Тренингті Еуропалық Одақ қаржыландыратын Алматы қаласының “Ақпараттық-ресурстық орталық” қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 Тренингке Талдықорған қаласы мен Жетісу облысының жетекші журналистері, сондай-ақ бірқатар қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

 Тренингті ашып, «Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының өкілі Братенков Александр мемлекеттік бағдарламаларды толыққанды жүзеге асырудағы қоғамдық бақылаудың маңыздылығын, сондай-ақ оның нәтижелері туралы халықты объективті және оперативті түрде хабардар ету қажеттілігін атап өтті.

 Тренингті медиатренер, медиаконсультант Алпысова С.М. жүргізді.

 Тренинг барысында қатысушылар:

  • «Мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау» жобасының маңыздылығы мен негізгі мақсаттарын білді.
  • Бақылау нәтижелерін тиімді және түсінікті түрде жариялау әдістемелерін, соның ішінде мәліметтерді визуализациялау, қарапайым тілмен түсіндіру, ақпаратты әр түрлі форматтарда ұсыну сияқты тәсілдерді үйренді.
  • Журналистер үшін маңызды болған мәліметтерді қалай табу, оларды қалай тексеру және әсерлі түрде ұсыну туралы кеңестер алды.
  • Журналистикадағы тиімді коммуникацияның негізгі принциптері туралы білім алды.

Тренингтің аяқталуында қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.

 Ұйымдастырушылар қатысушыларға белсенді қатысқаны мен тренинг тақырыбына деген қызығушылығы үшін алғыс білдіріп, бұл тренингтің Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларды бақылаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға үлес қосатынына сенім білдірді.

 

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:Ақпараттық-ресурстық орталық, тел.: +7 7758516615, e-mail: office.ircalmaty@gmail.com немесе Қазақстандағы ЕО делегациясымен delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu

 

 

  

 

 

Еуропалық Одақ - 27 еуропалық елдің экономикалық және саяси одағы. Ол адами қадір-қасиетті, бостандықты, демократияны, теңдікті, заң үстемдігін және адам құқықтарын, оның ішінде аз топтарға жататын адамдардың құқықтарын құрметтеу құндылықтарына негізделген. Ол қоғамның, қоршаған орта мен экономиканың тұрақты дамуын әркімнің игілігі үшін ілгерілету мақсатында жаһандық деңгейде әрекет етеді.

     

           
 
 
   

Бұл жоба

Еуропалық Одақтан қаржыландырылады.

Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы

өкілдігі

Космонавтар көшесі, 62-үй, 7-қабат

Астана 010000, Қазақстан Республикасы

Тел.: +7 (7172) 97 45 40

Почта: delegation-kazakhstan@eeas.europa.eu

Веб-сайт: https://eeas.europa.eu/delegations/kazakhstan

 

   
 

 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін