«Қазақстандағы мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингінің нәтижелерін қалай қоғамдық игілікке айналдыруға болады?»

  • 6 - Қыркүйек, 2024 жыл.

«Қазақстандағы мемлекеттік даму бағдарламаларының мониторингінің нәтижелерін қалай қоғамдық игілікке айналдыруға болады?»

Талдықорған, 2024 жылдың 9 қыркүйегі.

9 қыркүйек күні сағат 10:00-де «Көктем Гранд» қонақ үйінің конференц-залында БАҚ өкілдері мен ҮЕҰ басшыларына арналған «Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау нәтижелерін қоғамға таныстыру және БАҚ пен әлеуметтік медиада насихаттау әдістемесі» тақырыбындағы тренинг өткізіледі. Тренинг Еуропалық Одақ қаржыландыратын жоба шеңберінде ұйымдастырылған. Іс-шараны Алматы қаласының “Ақпараттық-ресурстық орталық” қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

 

Тренингтің жаттықтырушысы: Алпысова Сауле Мұратқызы.

 

Тренингтің мақсаты:

  • Мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыруды қоғамдық бақылау нәтижелері туралы халықты хабардар ету әдістемесі туралы білім беру.
  • Бақылау нәтижелері туралы ақпаратты кең аудиторияға тиімді жеткізу үшін практикалық құралдар мен дағдыларды беру.
  • Мемлекеттік органдар, журналистер, азаматтық қоғам өкілдері және қоғамдық бақылау жөніндегі сарапшылар арасындағы диалог алаңын қалыптастыру.

Тренинг бағдарламасында:

  • «Мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау» жобасының шолуы және оның маңыздылығы.
  • БАҚ пен әлеуметтік медиада мемлекеттік бағдарламаларының бақылауын жарыққа шығару бойынша практикалық ұсыныстар.
  • Тиімді медиа-коммуникацияның негізгі аспектілерін зерттеу.
  • Мемлекеттік бағдарламалар мен даму жобаларын насихаттау бойынша озық тәжірибені талдау.
  • БАҚ өкілдерін және ҚБҰ басшыларын тренингке қатысып, Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары мен даму жобаларының ашықтығы мен есеп берушілігін арттыруға өз үлесін қосуға шақырамыз.

 

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:Ақпараттық-ресурстық орталық, тел.: +7 7758516615, e-mail: office.ircalmaty@gmail.com немесе Қазақстандағы ЕО делегациясымен delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін