«Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау нәтижелерін қоғамға таныстыру және БАҚ пен әлеуметтік медиада насихаттау әдістемесі» тақырыбындағы БАҚ үшін тренинг.
«Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау нәтижелерін қоғамға таныстыру және БАҚ пен әлеуметтік медиада насихаттау әдістемесі» тақырыбындағы БАҚ үшін тренинг.
Талдықорған, 2024 жылдың 9 қыркүйегі:
9 қыркүйек күні сағат 10:00-де Талдықорғандағы «Көктем Гранд» қонақ үйінің конференц-залында «Қазақстанның мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау нәтижелерін қоғамға таныстыру және БАҚ пен әлеуметтік медиада насихаттау әдістемесі» тақырыбында НПО басшыларына, мемлекеттік және тәуелсіз БАҚ өкілдеріне арналған тренинг өткізіледі.
Тренингтің мақсаты:
- Елдің мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыруды қоғамдық бақылаудың маңыздылығы мен нәтижелері туралы халықтың хабардарлығын арттыру.
- БАҚ-та мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылауды тиімді түрде жарыққа шығару үшін практикалық дағдылар мен құралдарды ұсыну.
- Мемлекеттік органдар, журналистер және қоғамдық бақылау жөніндегі сарапшылар арасындағы диалог алаңын қалыптастыру.
Тренинг бағдарламасында:
- «Мемлекеттік даму бағдарламаларын бақылау» жобасының шолуы және оның маңыздылығы.
- БАҚ пен әлеуметтік медиада мемлекеттік бағдарламаларының бақылауын жарыққа шығару бойынша практикалық ұсыныстар.
- Тиімді медиа-коммуникацияның негізгі аспектілерін зерттеу.
- Мемлекеттік бағдарламалар мен даму жобаларын насихаттау бойынша озық тәжірибені талдау.
БАҚ өкілдерін тренингке қатысып, Қазақстанның мемлекеттік бағдарламалары мен даму жобаларының ашықтығы мен есеп берушілігін арттыруға өз үлесін қосуға шақырамыз.
Аккредиттеу үшін байланыс:
+7 777 358 5753 - Нұрмұханова Жанар Болатқызы
+7 701 557 8458 – Амренова Альбина
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз:Ақпараттық-ресурстық орталық, тел.: +7 7758516615, e-mail: office.ircalmaty@gmail.com немесе Қазақстандағы ЕО делегациясымен delegation-kazakhstan-pic@eeas.europe.eu