Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мамыр айының соңына дейін ұзартылды

  • 23 - Мамыр, 2024 жыл.
Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау мамыр айының соңына дейін ұзартылды

Ағымдағы жылдың 25 сәуірінен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде Birgemiz жалпыұлттық жобасы аясында әртүрлі бағыттар бойынша нақты жергілікті міндеттерді шешуде волонтерлік бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар конкурсы өтуде.


Өтінімдерді Birgemiz жобаларын жүзеге асырып жатқан 8 ҮЕҰ қабылдайды. Сондай-ақ, олар шағын гранттар конкурсына қатысу мәселелері бойынша кеңес береді.

Естеріңізге сала кетейік, Birgemiz гранттық бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыруы аясында үшінші жыл табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттар еріктілер болып табылатын кәмелетке толған қазақстандықтар, сондай-ақ бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-ға қолжетімді.

Конкурс аясында 300 мың теңгелік 240 шағын грант келесі бағыттар бойынша берілетін болады:

– BIRGEMIZ: Bilim
– BIRGEMIZ: Saýlyq
– BIRGEMIZ: Sabaqtastyq
– BIRGEMIZ: Taza Álem
– BIRGEMIZ: Asyl mura
– BIRGEMIZ: Qamqor
– BIRGEMIZ: Úmit
– BIRGEMIZ: Ayala

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 31 мамырға дейін ұзартылды. Іріктеу қорытындылары мен нәтижелері 2024 жылғы 18 маусымда өткізіледі.

Қажетті құжаттардың тізбесімен, ұйымдастырушылардың байланыстары және басқа да ақпаратпен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында танысуға болады.
@cisc_official
 
 



Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін