Байқау негізінде іріктелген 4 қаржылық кеңесші

  • 15 - Мамыр, 2024 жыл.

Байқау негізінде іріктелген 4 қаржылық кеңесші
-Батыс Қазақстан
-Жетісу
-Ұлытау
-Павлодар
облыстарына қарасты белгіленген 5 ауылдық округінің бекітілген бюджеттеріне талдау жүргізеді. Жасалған жұмыстардың және де жергілікті қоғамдастық жиындарының қажеттіліктері, идеялары мен ұсыныстары негізінде олар 2025 жылға арналған ауылдық округтері бюджетінің кіріс бөлігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлейді.

Кеңесшілер «Десента» ҚҚ АҚШ-тың Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен іске асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы шеңберінде қызметтерін көрсетеді.

Төрт жыл бойы жүзеге асырылатын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасы үкіметтің жергілікті басымдықтар мен қажеттіліктерге ден қоюын жақсарту үшін Павлодар, Жетісу, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының қалалық және ауылдық аудандарындағы жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік басқару органдарына тікелей көмек көрсетуге бағытталған




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін