Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды

  • 1 - Сәуір, 2024 жыл.

Алматыда «Жасыл аула» акциясы басталды

Алматы қаласы Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті «Жасыл аула» акциясының басталғанын хабарлайды. 30 наурыздан бастап қала тұрғындарынан көпқабатты үйлердің аулаларын және басқа да қоғамдық аумақтарды абаттандыру үшін жапырақты ағаштардың көшеттерін алуға өтініштер қабылдануда. Көшеттер тегін беріледі.

Акция аясында бір адамға 20-ға дейін көшет бөлініп, өтініш беруші үш жыл бойына отырғызылған ағаштарды күтіп-баптау туралы кепілдік міндеттемеге қол қоюы керек.

Өтініштер 2024 жылдың 8 сәуірін қоса алғанда қабылданады. Осы мерзімнен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін