Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы жалпы сомасы 59 миллион теңгеге 9 қысқа мерзімді грант ұсынады.

  • 12 - Наурыз, 2024 жыл.

Жетісу облысының Қоғамдық даму басқармасы жалпы сомасы 59 миллион теңгеге 9 қысқа мерзімді грант ұсынады.

Конкурс шарттарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдар келесі басым бағыттар бойынша жобалар ұсына алады:
-Жетісу облысының ҮЕҰ Азаматтық орталығының қызметін ұйымдастыру;
-азаматтарды қоғамдық бақылауға тарту;
-бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға көмек көрсету;
-БАҚ, баспасөз қызметтері, блогерлер мен журналист студенттерге арналған Бейсен Құранбек мектебін ұйымдастыру;
-әке институтын нығайту және дамыту;
-халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру;
-қаржы пирамидалары мен құмар ойындарының алдын алу;
-уәкілетті лауазымды тұлғалардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы;
-Жетісу облысындағы мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі.

Оператор өтінімдерді 15 жұмыс күні ішінде 14 наурызы мен 8 сәуір аралығында сағат 18:30 (Астана уақытымен) дейін тапсыруға болады.
 




Қазақстан, Алматы

Сатпаев к-сі 30/8,
139-кеңсе.

+7 (727) 398 95 25

Дс - Жм | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Барлық сұрақтар үшін