BFLine кәмелетке толмағандар мен жастарға психологиялық қолдау көрсету қызметі

  • 26 - Октября, 2023 год.

Еліміздің бірнеше өңірінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «BFLine кәмелетке толмағандар мен жастарға психологиялық қолдау көрсету қызметі» жобасы жалғасуда. Жобаның мақсаты – Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе және Атырау облыстарында тұратын жас азаматтардың өз болашағына деген алаңдаушылық сезімінің деңгейін төмендету, жастардың психологиялық денсаулығын жақсарту және психологиялық көмекке жүгіну мәдениетінің деңгейін арттыру.

Әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында «Bilim Foundation» КҚ жастар мен кәмелетке толмағандарға психологиялық көмекті анонимді түрде көрсететін BFLine.org сайтын іске қосты. Бүгінге дейін сайт арқылы жастарға мамандар тегін 788 консультация берген.
Жастар көбіне өз болашағына деген алаңдаушылық сезімін сейілту, ата-анасы мен өзінің арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау, өзін-өзі бағалауды үйрену мәселелері бойынша BFLine.org сайтының көмегіне жүгінген.

Айта кетейік, BFLine жастарға психологиялық қолдау көрсету қызметінің консультациялық көмегін 14-35 жастағы азаматтар ала алады.

Источник: https://www.instagram.com/p/CyvR36zNtuj/




Казахстан, Алматы

Ул.Сатпаева 30/8, офис 139 (ЖК Тенгиз Towers), 1 этаж

+7 (727) 398 95 25

Пн - Пт | 900 - 1800

info@civilcenteralmaty.kz

Отправляйте ваши вопросы